Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
14
Mar
25

Бұл мектеп – мен үшін өмір мектебі…



Мен, Бейсембаева Жаннұр Мелісқызы, Республикалық физика-математика мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Осы мектепте қызмет атқарып келе жатқаныма 25 жыл. Бұл мектеп –мен үшін өмір мектебі, менің қарапайым мұғалімнен  бүгінгі педагог-шебер, мектеп тренері  дәрежесіне дейінгі өсу жолым осы білім ордасымен тікелей байланысты. Мектеп табалдырығын имене аттаған жас маман – маған  бүгінде аты аңызға айналған мектеп ұстаздарының өнегесін алу бақыты әрі дарынды оқушыларға білім беру бақыты бұйырыпты. Мұны мен ештеңеге айырбастамас едім.

Мен тіл маманымын. Мақсатым – есепке жүйрік дүлдүлдерді  шешен сөздің майын тамызатын майталмандарға айналдыру. Ел ішінде математиктер сөзге шорқақ, ойын еркін жеткізе алмайды деген стереотип қалыптасқан. Менің ойымша,  алынбайтын қамал жоқ. Тек мұғалім «оқушылардың  тілінде» сөйлей алса болғаны. Бұл дегеніңіз оқушыға түсінікті, қызықты болатын ресурстарды қолдану дегенді білдіреді. Ғылым мен білімнің терең сырын ашу үшін біз оқушыларға тек жаратылыстану немесе гуманитарлық саланың бірін ғана меңгерумен шектелмеу керек екенін ұғындырғанымыз жөн. Адам ойы мен дүниетанымы тек екеуі бірге үйлескенде ғана шын мәнінде толыққанды дамитынын, оны дамыта түсу үшін софт скилс дағдыларын жетілдіріп, эмоционалды интеллект деңгейді көтеру қажет екендігін түсіндірген абзал. Мысалы оқушыға осы ойымыздың дұрыстығын формула арқылы дәлелдеп көрсек.

Eₖ = (m ϑ²) / 2

Бұл формуланы адамның жеке дамуына, эмоциялық интеллектіге және білімге байланысты қарастырайық:

(Кинетикалық энергия) – адамның өмірдегі жетістігі, потенциалы, қоғамдағы әсері.

(Масса) – адамның жинаған білімі мен тәжірибесі, кәсіби және интеллектуалдық әлеуеті.

(Жылдамдық) – адамның эмоциялық интеллекті (EQ) және soft skills (икемді дағдылар), яғни ортаға бейімделу, қарым-қатынас орнату, шешім қабылдау қабілеті.

Білім () – негіз, бірақ ол қозғалысқа түспесе, яғни тәжірибемен ұштаспаса, адам дамымайды.

Эмоциялық интеллект пен soft skills () – адамның білімін тиімді қолдана алу қабілеті.

Қарапайым сөзбен айтсақ, егер адамның білімі көп, бірақ soft skills төмен болса ( кіші), оның энергиясы төмен болады. Ал егер адам білімді ғана емес, оны дұрыс қолдана білсе, өз эмоциясын басқарып, адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алса, оның жетістігі еселене түседі ( болғандықтан, әсері еселенеді). Яғни оқушыға тілдің мықты қару екенін осылай өз тілінде түсіндірсек, осы арқылы тілді меңгеруге жетелей алсақ, нәтижеге қол жеткізуге болады деп ойлаймын.

Өз басым шығармашылықпен жұмыс жасағанды қатты ұнатамын, оған   дарынды балаларды оқытуым себепші болды, себебі дарынды баланы оқыту үшін екі есе дарындылық, ізденіс талап етіледі.  Оқушыларымның  білімге деген құштарлығы шабытыма шабыт қосты.  Оларды қай жаққа бағыттасаң, сол жақты емін-еркін меңгеріп кете алады. Осындай оқушылармен жұмыс жасаудың өзі бір бақыт емес пе?!

Оқушыларым – түрлі республикалық, халықаралық олимпиадалар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары. Оларды байқауға қатыстырудағы  мақсатым –  бойындағы дарынын ашу, өзіне деген сенімін арттыру.  Оқушым жеңіске жетсе, ол менің ғана емес, мектеп мәртебесін де еселеп   арттырады. Оқушы жетістігіне қарап  әр мұғалім өзін бағалай алады әрі шәкіртінің жеңісінен  шабыт алады деп ойлаймын.

Көп жылғы тынымсыз еңбек пен білім беру саласына қосқан үлесімнің нәтижесінде төмендегі марапаттарға ие болдым. Оларды атап айтар болсам:

  • «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері»төсбелгісі(2018ж.);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының “Құрмет грамотасы (2020ж.);
  • Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін ҚР БҒМ алғысы (2020 ж.);
  • «РФММ-ның жылдың үздік мұғалімі – 2023 ж.»;
  • «Мұғалімдердің пәндік құзыреттілігін дамыту» республикалық семинар-курсын ұйымдастыруға белсенді қатысқаны және жоғары көрсеткіштері үшін алғыс хат (2024 ж.);
  • «Ы. Алтынсарин» атындағы медаль (2024 ж.);

Бұл жетістік – тек менің ғана емес, мені қолдаған әріптестерім мен шәкірттерімнің де ортақ жеңісі. Осы марапаттардың ішінде мен үшін ең ерекше, ең салмақты марапат – «Ы. Алтынсарин» атындағы медаль болса керек, өйткені Ы.Алтынсариндей өмірін білім беру ісіне   арнау – ерлікпен пара-пар деп санаймын.

Шығармашылықпен жұмыс жасағанды, ізденісте жүргенді ұнатамын деп сөз басында айтып кеттім. Бұл ретте «Ұлт тағдыры мен руханиятындағы ұлы дара аруларының рөлін  шешендік сөз саптаулары арқылы тану» атты авторлық бағдарламам – менің шығармашылық жұмысымның ең басты жемісі деп ойлаймын. Бұл бағдарлама арқылы ұлтқа қызмет етудің негізін қалыптастыруға болады деп есептеймін. Ал мектеп тренері ретінде мұғалімдерге түрлі тренингтер, семинарлар өткізу арқылы әдістемелік көмек көрсетсем, 2014 жылы құрылған «Жас қанат» драма театры арқылы жас дарындардың шабытын ашып, өнерге, әдебиетке деген махаббатын оята алдым деген ойдамын. Шығармашылық жұмысымының тағы бір жетістігі деп  театрдың 10 жылдығын атап өтуге арналған мерекелік кешті  айтып өтуіме болады.  Талантты оқушылармен бірге биыл бірінші рет ұстаздарымыз да сахна төрінде өнер көрсетіп, көпшілік қошеметіне бөленді. Осындай шығармашылық пен ізденіс  жаңа идеяларға, ерекше шешімдер қабылдауға жетелейді.

Ал жаңа идеялар армандаудан туындайды. Тарих сахнасында мәңгілік ел болып қалуымыз үшін ұлттық құндылығымыз – ана тілінің мәртебесі артып,  болашақта сөйлеушілер саны жағынан қытай, ағылшын  тілдері қатарына қосылса деген арманым – армандардың асылы болар. Ал мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуші  ұстаз ретінде оқушыларымды осы арманға жетуге жетелей бермекпін.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    24
    Jun
    25

    Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!

    Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! 2025 жылғы 24 маусым мен 05 тамыз аралығында https://admissions.fizmat.kz/ru/kak-postupit-dop-nabor/ сайтында Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалында ақылы негізде оқуға түсу…

      23
      Jun
      25

      РФММ-нің қос командасы — әлем чемпионатына жолдама алды!

      Республикалық физика-математика мектебінің екі командасы оқушылар арасындағы республикалық шахмат турнирінде жүлдегер атанып, АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды. Алматы РФММ-нің…

        18
        Jun
        25

        Үздік математикалық мектеп

        ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шалтай Смағұлұлы Смағұловтың құрметіне арналған VIII Республикалық олимпиадада Алматы қаласындағы РФММ командасы «Үздік математикалық…

          12
          Jun
          25

          Маңызды ақпарат

          «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ Алматы филиалының 8-сыныбына арналған білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу 2025 жылғы 11 маусымда ұйымдастырылды. 2025 жылғы 14…

            10
            Jun
            25

            ХАБАРЛАНДЫРУ

            Республикалық физика-математика мектебіне 8-сыныпқа қабылдау емтиханы 2025 жылғы 11 маусымда өтеді. Қабылдау емтиханы Астана, Алматы және Орал қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалдарында ұйымдастырылады. Рұқсатнама барлық үміткердің тіркелген кезде көрсеткен электрондық…

              01
              Jun
              25

              Естеліктерге толы ерекше кеш

              31 мамыр күні мектебіміздің қабырғасында мектептің әр жылдардағы 500-ге жуық мерейтойлық түлектері бас қосып, мектептегі естеліктерін, аяулы ұстаздары мен жанға жақын сыныптастарын еске…

                30
                May
                25

                Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі – еліміздегі ең үздік олимпиадалық мектеп атанды.

                2024–2025 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде Алматы Республикалық физика-математика мектебі (Алматы РФММ) 76 ұпаймен республикалық рейтингте…

                  30
                  May
                  25

                  TasIMO-2025: Жаңа жеңістерге жол ашқан Ташкент!

                  2025 жылғы 18–20 мамыр аралығында Ташкент қаласында 48 ел мен Өзбекстанның 14 өңірінен келген 850-ден астам қатысушыны біріктірген TasIMO-2025 халықаралық олимпиадасы өтті. Алматы…

                    26
                    May
                    25

                    “Мектебім, саған мың алғыс”

                    Бүгін Алматы қаласындағы РФММ-де 11-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылып, “Мектебім, саған мың алғыс” атты салтанатты жиын өтті. Жас түлектерімізді бала шақтан болашаққа…

                      26
                      May
                      25

                      «Мектеп мақтанышы – 2025»

                      23 мамыр күні РФММ-де жыл сайынғы игі дәстүрге айналған «Білімім – Отанымa!» атты салтанатты жиыны өтті. Оның барысында үздік оқушыларға мектебіміздің ең беделді…