Бос орын
Бос жұмыс орны: РФМШ-дағы College Counselor
РФМШ кәсіби бағдар беру мамандарының командасын кеңейтуде! Біз оқушыларға мамандықты саналы түрде таңдауға және Қазақстанның, сондай-ақ әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына (ЖОО) түсуге көмектесеміз.
Біз тәжірибелі сарапшыларды да, үйренуге дайын бастаушы кандидаттарды да іздейміз. Біз бірін-бірі толықтыратын мықты команда құрып жатырмыз, сондықтан міндеттердің нақты тізімін жекелей анықтайтын боламыз (бізге әмбебап мамандар да, тар бейінді мамандар да қажет).
Алдағы міндеттер:
ЖОО-ға түсу: оқушыларды сүйемелдеу, құжаттар мен ұсыным хаттарды дайындау, отбасыларға кеңес беру.
Оқыту: оқушылар мен ата-аналарға арналған воркшоптар мен ақпараттық сессиялар өткізу.
Диагностика: жасөспірімдерге олардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтауға көмектесу.
Серіктестік: ЖОО-лармен, компаниялармен және білім беру орталықтарымен өзара әрекеттесу.
Аналитика: білім беру трендтерін, стипендиялар мен карьералық (мансаптық) бағыттарды зерттеу.
Біздің талаптар:
Жоғары білім және ағылшын тілін С1 және одан жоғары деңгейде меңгеру.
Педагогикаға деген шынайы қызығушылық және жасөспірімдермен жұмыс істей білу.
Коммуникация және ақпаратпен жұмыс істеудің мықты дағдылары.
Жоғары эмоционалды интеллект, бастамашылдық (проактивтілік) және жауапкершілік.
Артықшылық болады: кәсіби бағдар беру, білім беру, волонтерлік саласындағы тәжірибе немесе осы саладағы жеке жобаларыңыздың болуы.
Біз не ұсынамыз:
Бәсекеге қабілетті жалақы және өтемақы пакеті.
Ынталы, тәрбиелі және дарынды оқушылармен жұмыс.
Кәсіби оқуыңыз бен өсуіңіз үшін мықты ресурстар.
Қалай өтініш білдіруге болады: Түйіндемеңіз бен ілеспе хатыңызды aigerim.amangeldina@fizmat.kz электронды поштасына жіберіңіз. РФМШ командасына қосылыңыз!