Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
13
Jul
26

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ



Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті.

Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі — ETH Zurich университетінде өтті. Бұл оқу орнында көрнекті физик Альберт Эйнштейн білім алып, кейіннен дәріс берген.

IYPT — мектеп оқушыларына арналған ең беделді халықаралық ғылыми жарыстардың бірі. Дәстүрлі олимпиадалардан ерекшелігі — қатысушылар бір жыл бойы ашық сипаттағы зерттеу есептерімен жұмыс істейді: ғылыми болжамдар ұсынады, тәжірибелер жүргізеді, теориялық модельдер құрады және зерттеу нәтижелерін ағылшын тілінде Physics Fights форматындағы ғылыми пікірталастарда қорғайды.

Бес кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Honorable Mention құрмет марапатына ие болған командалардың қатарына енді.

Қазақстан құрамасының сапында РФММ оқушылары: команда капитаны Диас Алишер, Султанмурат Дауренбай, Жахар Мухамеджан, Аина Ахметова, сондай-ақ Haileybury Almaty мектебінің оқушысы Анна Пак өнер көрсетті.

Бұл жетістіктің артында бірнеше айға созылған қарқынды ғылыми-зерттеу жұмысы, көптеген тәжірибелер, деректерді талдау, терең теориялық дайындық және халықаралық деңгейдегі ғылыми пікірталастар тұр.

Құраманы Кундуз Моминовна Туреханова және Шерзод Рустамович Адилов ғылыми тұрғыдан дайындады. Кундуз Туреханова Қазақстан атынан IYPT Халықаралық ұйымдастыру комитетінің (IOC) құрамында қызмет атқарады.

Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсетіп, дарынды жастардың дамуына үлес қосқан Тимур Құлыбаевтың «Халық» қайырымдылық қорына ерекше алғысымызды білдіреміз. Қордың қолдауының арқасында жас зерттеушілер елімізді әлемдегі ең беделді халықаралық ғылыми турнирлердің бірінде лайықты таныстыруға мүмкіндік алды.

Қазақстан құрамасын және оның ғылыми жетекшілерін халықаралық марапатымен құттықтаймыз!

Жас физиктерімізге жаңа зерттеулер, батыл ғылыми идеялар және әлемдік ғылым кеңістігіндегі толағай жетістіктер тілейміз!


Қазақстан құрамасымен мақтанамыз! ❤️

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    24
    Jun
    26

    ХАБАРЛАНДЫРУ!

    Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….

      10
      Jun
      26

      8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті

      Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…

        10
        Jun
        26

        Қазақстан құрамасы әл-Хорезми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды

        Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен өткен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) мәресіне жетті. Әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар бақ сынаған бұл…

          08
          Jun
          26

          ХАБАРЛАНДЫРУ!

          Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…

            18
            May
            26

            7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат

            2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….

              16
              May
              26

              7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат

              2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…

                12
                May
                26

                РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Балқан математика олимпиадасының қола жүлдегері атанды

                Алматы қаласы РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Грекияның Салоники қаласында өткен 43-ші Халықаралық Балқан математика олимпиадасында (BMO-2026) қола жүлдегер атанды. BMO – аймақтағы ең…

                  05
                  May
                  26

                  FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыіыз!

                  Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және одан жоғары…

                    24
                    Apr
                    26

                    Хабарландыру

                    Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында…

                      23
                      Apr
                      26

                      Қабылдау емтиханы туралы ақпарат

                      Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…