ПЕДАГОГИКА ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ
«Педагогика» әдістемелік бірлестігі 2002 жылдан бері интернат жағдайындағы тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастырып, білім алушылардың тұлғалық дамуы мен тәрбиелік әлеуетін арттыру бағытында қызмет атқарып келеді. Бірлестік қызметінің өзегін ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тәрбие. Бірлестік құрамында тәжірибелі әрі білікті тәрбиешілермен қатар, кәсіби ізденіске және педагогикалық тәжірибесін жетілдіруге бағытталған мамандар еңбек етеді.
Әдістемелік бірлестіктің құрамы:
Қазіргі уақытта әдістемелік бірлестікте 15 тәрбиеші және 8 тәрбиеші көмекшісі қызмет атқарады.
«Педагог-модератор» – Ермекова Г.Т., Слямова А.Ш., Нусипова Ш.Ш., Телебаева Л.С., Айтуарова М.Б., Коргасбекова А.Н., Абзелбек А.Б., Сетербаева А.Д, Алдаберген А.А.
«Педагог» – Салыкова О.Т., Конысбаева Г.Т., Абсаттарова Т.А., Тұрсынтай Қ., Жумабекова А.К., Омирханова А.Р.
«Магистр» – Сетербаева А.Д., Абзелбек А.Б., Алдаберген А.А.
Тәрбиеші көмекшілері – Мухашева Ж.А., Мадемарова С.А., Байжанова Г.С., Шамарканова Ж.Р., Маманова Г.А., Тұрабаев С.С., Шалғабаева Б.К., Шалғабаева Балғын.
Интернат меңгерушісі: Калдыбаев Ербол Омарович
«Педагогика» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Сетербаева Айгүл Дюсетаева

Мақсаттары:
- Заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы тәрбиелік жұмыстың сапасын жетілдіру, озық педагогикалық тәжірибелерді тәрбие үдерісіне тиімді енгізу.
- Тәрбиеленушілердің тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету мақсатында шығармашыл, жаңашыл және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру.
- Білім алушылардың шығармашылық, зияткерлік және әлеуметтік әлеуетін дамытуға бағытталған қолайлы тәрбиелік орта құру.
- Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, азаматтық-патриоттық рухта тәрбиеленген, білімге құштар, еркін ойлайтын, мәдениетті, адамгершілігі мол, жауапты әрі өзін-өзі дамытуға қабілетті адал азаматты қалыптастыру.
Үйірмелер мен спорттық секциялар
Білім алушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзара қарым-қатынас мәдениеті мен жауапкершілік дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тәрбиешілердің жетекшілігімен түрлі үйірмелер мен спорттық секциялар ұйымдастырылады:
«Аяулы балапан» қайырымдылық үйірмесі – еріктілік және қайырымдылық бағыты бойынша жұмыс жүргізіп, білім алушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа, өзара көмек пен әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелейді.
«Домбыра» үйірмесі – білім алушыларды қазақ халқының ұлттық музыкасы мен дәстүрлі өнеріне баулу, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру және домбыра тарту өнерін меңгертуге бағытталған.
Бокс секциясы – дене дайындығын жетілдіруге, тәртіп пен төзімділікті қалыптастыруға бағытталған.
Волейбол секциясы – командалық өзара әрекеттесу, жауапкершілік пен спорттық шеберлікті дамытуға мүмкіндік береді.
Футбол секциясы – қимыл-қозғалыс белсенділігін арттырып, командалық рух пен салауатты өмір салтын қалыптастырады.
Үстел теннисі секциясы – шапшаңдықты, дәлдікті, зейінді және реакция жылдамдығын дамытуға бағытталған.
Баскетбол секциясы – дене белсенділігін арттырумен қатар, командалық жұмыс пен өзара қолдауды қалыптастырады.
Фитнес секциясы – дене белсенділігін арттыруға, денсаулықты нығайтуға және салауатты өмір салтын ұстануға ықпал етеді.