Жеңілдіктер
Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!
«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ оқушыларға жеңілдік беру туралы Ережеге сәйкес (2026 жылғы 27 наурыздағы бекітілген, № 1/26 хаттамаға сәйкес) «РФММ» КеАҚ филиалдарында бейінді пәндерді тереңдетіп оқытуда әлеуеті жоғары мектептің дарынды балаларының ішінен әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында төмендегі санаттағы отбасыларға жеңілдіктер қарастырылғанын хабарлаймыз!
Жеңілдік санаттары және жеңілдік мөлшері (%)
- РФММ филиалдарының оқушылары болып табылатын мүгедектігі бар балаларға — 50%;
- Бір немесе екі заңды өкілінде І–ІІ топтағы мүгедектігі бар тұлғалардың балаларына — 10%;
- Көпбалалы отбасыларға (әр білім алушыға) — 10%;
- Ата-анасының бірі қайтыс болған немесе жетім балаларға — 10%;
- Мектепте екі және одан да көп білім алушы оқитын отбасыларға (екінші және әрбір келесі балаға) — 10%;
- Қандас — этникалық қазақтарға және (немесе) олардың отбасы мүшелеріне, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, көші-қон саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған тұлғаларға — 10%;
- Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимі енгізілген кезеңде — 20%;
- Халықаралық Жәутіков олимпиадасының (математика, физика, информатика) жүлдегерлеріне; сондай-ақ республикалық олимпиадалардың (математика, физика, информатика, химия, биология, география) жүлдегерлеріне; және халықаралық олимпиадалардың (IMO, IPhO, IOI, IChO, IBO, IOAA, ILO, IGEO, EGMO) жүлдегерлеріне — 50%