Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы

Хабарландыру

Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер!

2026-2027 оқу жылына білім беру қызметтерінің бекітілген құнымен танысуды сұраймыз.

«РФММ» КеАҚ филиалдарындағы білім беру қызметтерінің бағасы 2026 жылғы 23 сәуірдегі Басқарма отырысының № 08 хаттамасымен қабылданған шешімге сәйкес бекітілді.

  1. 2026-2027 оқу жылына арналған Алматы қаласы«РФММ» КеАҚ филиалында оқу бағасы:
  • 7-8 сынып оқушылары үшін – 3 000 000,00 теңге;
  • 2025–2026 оқу жылы қабылданған 9–11 сынып оқушылары үшін 2 800 000,00 теңге;
  • Оқуын жалғастырып жатқан 9–11 сынып оқушылары үшін – 2 800 000,00 теңге;
  • «Жарқын болашақ» бағдарламасы бойынша оқитындар үшін – 5 700 000,00 теңге;
  • Оның ішінде:
  • 1.Оқу – 3 000 000,00 теңге;
  • 2. Тұру – 1 500 000,00 теңге;
  • 3. Тамақтану – 1 200 000,00 теңге.
  •  7–8-сыныптарда оқитын шетел азаматтары үшін – 4 000 000,00 теңге;
  • 9–11-сыныптарда оқитын шетел азаматтары үшін – 3 800 000,00 теңге;
  •  Мамандандырылған 9, 10, 11 сыныптарға арналған Advanced Placement бағдарламасы бойынша оқитындар үшін – 400 000,00 теңге;
  • 9, 10, 11 сыныптарға арналған қосымша курс шеңберіндегі Advanced Placement бағдарламасы (таңдау бойынша бір пән) 30 000,00 теңге.
  1. Кіру жарнасының мөлшері оқу құнының 10% құрайды (тек жаңадан түсушілер үшін, оның ішінде шетелдік азаматтарын қоса алғанда).
  1. Ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсету шарттарындағы төлем кестесі:
  • Қайтарылмайтын, түсу жарнасы шарт жасалған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде енгізіледі (тек жаңадан түсушілер үшін, оның ішінде шетел азаматтарын қоса алғанда);
  • 1 транш — шарт жасалған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде;
  • 2 транш — 2026 жылғы 15 тамызға дейін;
  • 3 транш — 2026 жылғы 15 қарашаға дейін;
  • 4 транш — 2027 жылғы 15 наурызға дейін.