Оқушылардың «Туймаада» атты XXV Халықаралық олимпиадасы
2018 жылдың 8 шілдесінен бастап 15 шілдесін қоса алған аралықта Саха Республикасында (Якутия) Математика, физика, химия және информатика пәндерінен оқушылардың «Туймаада» атты XXV Халықаралық олимпиадасы өткізілген болатын.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері оқушылар мен жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуға ынталандыру , негізгі ғылымдармен шұғылдануға тарту, халықаралық ынтымақтастық пен байланыс нысандарын кеңейту болып табылады.
Біз «РФММ» КеАҚ 9 сынып оқушысы Амангелді Исламның физика пәні бойынша бірінші орын үшін алтын медалді алғаны туралы хабардар етуге қуаныштымыз.
Осының алдында Ислам Атырау қаласында өткен Физика пәні бойынша республикалық олимпиаданың алтын медалін, сондай-ақ Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Мырза Ұлықбек атындағы физика мен астрономия пәндері бойынша халықаралық олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды.
Ислам APhO 2019 олимпиадасына іріктеуден табысты өтіп, экономист мамандығы бойынша АҚШ-тың жақсы жоғары оқу орнына түсуге талпынады, содан кейін туған елі Қазақстанға қайтып келіп, Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына кіруіне өз үлесін қосуға үміттенеді.
Исламды құттықтаймыз, оған болашақ жеңістер мен өз жоспарларын табысты жүзеге асыруды тілейміз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…
РФММ мұғалімі мемлекеттік марапатқа ие болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және оларды дайындаған жаттықтырушы-педагогтермен кездесті. Кездесу барысында үздік ұстаздарға мемлекеттік марапаттар табысталды. Ақордада өткен кездесуге шақырылған…
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті. Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….
8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…
Қазақстан құрамасы әл-Хорезми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды
Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен өткен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) мәресіне жетті. Әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар бақ сынаған бұл…

