FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады.
FAIO — Қазақстан мен басқа елдердің математикаға қызығушылық танытатын дарынды оқушыларын біріктіретін зияткерлік жарыс. Олимпиада қатысушыларға өз білімін сынауға, тәжірибе алмасуға, жаңа достар табуға және халықаралық олимпиадалық қауымдастықтың бір бөлігі болуға мүмкіндік береді.
Биыл ұйымдастырушылар қатысушылар географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр және Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ шетелдік мектептерден командаларды қатысуға шақырады.
Олимпиада форматы
Олимпиада екі кезеңнен тұрады:
I кезең — онлайн іріктеу.
Командалар тапсырмаларды қашықтан орындайды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үздік командалар финалдық кезеңге шақырылады.
II кезең — Алматы қаласындағы офлайн финал.
Финалдық жарыстар Алматы қаласындағы РФММ базасында өтеді.
Финалдық кезеңнің алдын ала бағдарламасы:
26 қазан — қатысушылардың келуі және орналастырылуы;
27 қазан — жарыстың бірінші күні;
28 қазан — жарыстың екінші күні және жабылу салтанаты;
29 қазан — қатысушылардың қайтуы.
Командаларды құру талаптары
Команданы мүмкіндігінше бір мектептің оқушыларынан құру ұсынылады.
Егер бұл мүмкін болмаса, бір қаланың әртүрлі мектептерінің оқушыларынан команда құруға болады. Ауылдық жерлерден қатысушылар үшін бір облыс немесе өңір шегінде команда құруға рұқсат етіледі.
Әртүрлі қалалардың оқушыларынан құралған командалар қабылданбайды.
Қалай қатысуға болады?
Командаларды тіркеу олимпиаданың ресми сайтында ашық:
Мектептерді, мұғалімдерді, олимпиада жаттықтырушыларын және оқушыларды FAIO 2026 олимпиадасына қатысуға шақырамыз.
Командаңызды жинаңыз. Іріктеу кезеңінен өтіңіз. Мектебіңіз бен қалаңызды FAIO 2026 финалында таныстырыңыз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда
Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….
РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады
Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…
РФММ мұғалімі мемлекеттік марапатқа ие болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және оларды дайындаған жаттықтырушы-педагогтермен кездесті. Кездесу барысында үздік ұстаздарға мемлекеттік марапаттар табысталды. Ақордада өткен кездесуге шақырылған…
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті. Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….
8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…