Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
14
Oct
26

Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді. ​



2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді.

2026 жылғы 14 қазандағы жағдай бойынша, 48 оқушы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, стационарлық ем қабылдауда. Тағы 6 оқушы интернаттың медициналық оқшаулау бөліміне орналастырылып, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Орын алған жағдайдың себептері қазіргі уақытта анықталуда. Ауруханаға жатқызылған оқушыларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамаларына сәйкес ем тағайындалды.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мектеп пен мектеп-интернатта тексеру жүргізіп, зертханалық талдауға зерттеу сынамаларын алды. Мектеп ғимараты мен мектеп-интернатта дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің Қаулысына сәйкес мектеп- интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 14–16 қазан аралығында оқу сабақтары онлайн форматта өтеді. Интернатта қалған оқушылар ата-аналарына немесе жақын туыстарына тапсырылатын болады.

Жағдай мектеп әкімшілігі мен тиісті мемлекеттік органдардың бақылауында.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    30
    Oct
    26

    Хабарландыру

    Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….

      30
      Oct
      26

      FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

      Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…

        27
        Oct
        26

        Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда

        Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….

          27
          Oct
          26

          РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады

          Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…

            15
            Oct
            26

            Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды

            Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…

              18
              Sep
              26

              FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD

              FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….

                29
                Aug
                26

                Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік

                Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…

                  24
                  Aug
                  26

                  РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты

                  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…

                    24
                    Aug
                    26

                    РФММ мұғалімі мемлекеттік марапатқа ие болды

                    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және оларды дайындаған жаттықтырушы-педагогтермен кездесті. Кездесу барысында үздік ұстаздарға мемлекеттік марапаттар табысталды. Ақордада өткен кездесуге шақырылған…

                      13
                      Jul
                      26

                      ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

                      Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті. Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу…