РФММ-нің 9 мұғалімі IMPACT Olympiad байқауында жүлделі орындар алды

2019 жылдың 10 қаңтарынан бастап 13 қаңтарын қоса алған мерзімде ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «РФММ» КеАҚ-да XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында Математика, физика және информатика пәндері бойынша мұғалімдердің және олимпиадалық резерв жаттықтырушыларының халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Lancaster group, Fizmat Endowment Fund, Нұрлан Қаппаров атындағы қор байқауға демеушілік қолдау көрсетті. Байқауға 8 елден (Ресей, Түркия, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан, Грузия, Моңғолия, Өзбекстан елдерінен) 102 мұғалім мен жаттықтырушы қатысты.
Бір турдан тұрған олимпиада Республикалық физика-математика мектебінің және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қабырғаларында өтті.
2019 жылдың 12 қаңтарында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің IMPACT марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты халықаралық қазылар алқасының мүшесі академик Асқар Жұмаділдаев, «РФММ» КеАҚ Басқарма Төрағасы Ғабит Бекахметов, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің проректоры, техникалық ғылымдар докторы, профессор Раиса Кабиевна Кабиева, «РФММ» КеАҚ директоры Алмаз Кунгожин ашты, олар қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
РФММ-нің 9 мұғалімі байқауда келесі жүлделі орындарды алды:
Мұғалімдер лигасы (математика пәні)
- Талғат Бегімбетов – ІІ орын
- Мейрам Батыршаев— ІІІ орын
- Серік Жұмағұлов – грамота
Жаттықтырушылар лигасы (физика пәні)
- Аман Шакиров — ІІ орын
- Бахтияр Елдос — ІІІ орын
Мұғалімдер лигасы (физика пәні)
- Шолпан Турагалдиева — ІІІ орын
- Мұсабек Мамутов — ІІІ орын
Мұғалімдер лигасы (информатика пәні)
- Абылай Қабдолдин — І орын
- Жания Сұлтанова — ІІ орын
РФММ-нің 14 жетекші мұғалімі қазылар алқасының мүшесі ретінде байқауға қатысты:
математика пәнінен
- Архат Садырбаевич Долаев, математика пәні мұғалімі;
- Жанарбек Нурбакытович Абилгазиев, математика пәні мұғалімі;
- Ляззат Амиргалиевна Есмагамбетов, математика пәні мұғалімі;
- Жанат Нурлыбаевна Байсуйеуова, математика пәні мұғалімі;
- Рауза Буркатовна Омарова, математика пәні мұғалімі;
- Галия Зейнуллаевна Ахметова, математика пәні мұғалімі;
- Рабига Игнебеккызы Кошанова, математика пәні мұғалімі;
- Маргулан Кызайбаевич Скаков, математика пәні мұғалімі;
физика пәнінен
- Мусатай Санат Сагатулы, физика пәні мұғалімі;
- Туякбаев Сабыр Туякбаевич, физика пәні мұғалімі;
- Довгаль Юрий Николаевич, физика пәні мұғалімі;
- Кабдиев Болат Зарипович, физика пәні мұғалімі;
- Кабдиева Гульмира Тулеповна, физика пәні мұғалімі.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
ҚЖО іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары! Қорытынды кезең 2025 жылғы 9-10 мамырда Алматы және Астана қалаларындағы РФММ базасында өтеді. Қорытынды кезеңге өткен қатысушыларға 2025 ж. 25…
Хабарландыру
Құрметті қатысушылар! Қалалық Жәутіков Олимпиадасының (ҚЖО) іріктеу кезеңінің нәтижелері 17 сәуірде мектебіміздің сайтында жарияланады. Қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз, барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
BOLT.M3 командасы халықаралық жарыста Connect Award марапатына ие болды
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің @bolt.m3 командасы АҚШ-тың Массачусетс штаты, Спрингфилд қаласында өткен New England Premier Event халықаралық жарысында жоғары нәтижеге қол жеткізіп,…
«Педагогикалық шеберлікпен бөлісу: Республикалық физика-математика мектебі ұстаздарының тәжірибесі» атты қалалық тәжірибелік-семинар өтті.
12 сәуір күні Алматы қаласындағы “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ базасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлесе отырып, «Педагогикалық шеберлікпен бөлісу: Республикалық физика-математика мектебі…
Қалалық жәутіков олимпиадасына тіркелген қатысушылар тізімі
Құрметті қатысушылар! Жарияланған тізімнен өзіңіздің электрондық поштаңызды тексерулеріңізді сұраймыз. Нұсқаулық пен тапсырма дәл сол көрсетілген электрондық поштаңызға жіберіледі. Егер электрондық поштаңызда қате барын…
ҚАЛАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫ 2025!
2025 жылғы 12 сәуірде: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) пəндері бойынша мектеп оқушылары арасында XXV ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу…
Haileybury Almaty мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында математика және география пәндерінен республикалық олимпиада өтті
23-28 наурыз аралығында Haileybury Almaty мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында математика және география пәндерінен республикалық олимпиада өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ)…
XVІI Эйлер Олимпиадасының финалдық кезеңі өтті
25-27 наурыз күндері Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде, XVІI Эйлер Олимпиадасының финалдық кезеңі өтті. Бұл сайысқа Қазақстанның әр өңірінен келген аймақтық…
Биология және физика пәндері бойынша өткен республикалық олимпиадада Алматы РФММ оқушылары 3 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль иеленді
Астана қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы биология және физика пәндері бойынша өткен республикалық олимпиадада Алматы РФММ оқушылары 3 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль иеленіп,…
Бұл мектеп – мен үшін өмір мектебі…
Мен, Бейсембаева Жаннұр Мелісқызы, Республикалық физика-математика мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Осы мектепте қызмет атқарып келе жатқаныма 25 жыл. Бұл мектеп…