Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
05
Feb
26

7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!



Құрметті үміткерлер!

Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады.


Емтиханға тіркелу тәртібі

  1. https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз

  2. «Қалай түсуге болады?» бөлімін таңдаңыз

  3. Оқуды қалайтын мектеп филиалын көрсетіңіз:
    – РФММ Алматы филиалы
    – РФММ Астана филиалы

  4. Сыныпты таңдап, «Тіркелу» батырмасын басыңыз

  5. Қажетті құжаттарды жүктеңіз

Қажетті құжаттар

  • Туу туралы куәліктің көшірмесі

  • Білімі туралы ақпарат

  • 3×4 өлшемдегі фотосурет


Құжат қабылдау мерзімі

05.02.2026 – 08.03.2026

Қабылдау уақыты

08.03.2026 сағат 18:00-ге дейін


⚠️ Маңызды ақпарат

  • Табель талап етілмейді

  • Құжаттар тек онлайн форматта қабылданады


Дайындық деңгейіңізді тексеріңіз

Онлайн байқау тестіне қатысу мүмкіндігі бар:
https://fmtest.kz/


Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз! РФММ — болашаққа сенімді қадам.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    09
    Nov
    26

    Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды

    Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады….

      30
      Oct
      26

      Хабарландыру

      Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….

        30
        Oct
        26

        FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

        Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…

          27
          Oct
          26

          Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда

          Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….

            27
            Oct
            26

            РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады

            Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…

              15
              Oct
              26

              Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды

              Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…

                14
                Oct
                26

                Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді. ​

                2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…

                  18
                  Sep
                  26

                  FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD

                  FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….

                    29
                    Aug
                    26

                    Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік

                    Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…

                      24
                      Aug
                      26

                      РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты

                      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…