ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары!
Нәтижелер:
Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026
Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026
Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026
Физика 7 класс физика результаты ГЖО 2026
Физика 8 класс физика результаты ГЖО 2026
Информатика 6 класс информатика результаты ГЖО 2026
Информатика 7 класс информатика результаты ГЖО 2026
Информатика 8 класс информатика результаты ГЖО 2026
Іріктеу турының нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру қарастырылмаған
Қорытынды кезеңге өткен қатысушыларға 2026 ж. 18 ақпан сағат 12:00-ге дейін Google-форманы толтырып, қатысатындарын растауы қажет.
https://forms.gle/nUy4zjhNiCMLnPr28
XXVI Қалалық Жаутыков олимпиадасының қорытынды кезеңі
Республикалық физика-математика мектебі
2026 жылғы 21-22 ақпан
ҚАТЫСУҒА КІМ ЖІБЕРІЛЕДІ
Қорытынды кезеңге шақырылады:
- XXVI ҚЖО іріктеу (қашықтықтан) кезеңінен өткен қатысушылар
- FEMO 2025-2026 жүлдегерлері (5-6 сыныптар)
- Ш. Смағұлов атындағы олимпиаданың жүлдегерлері — 2025 ж. қорытынды кезеңі
- Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегерлері 7-8 сынып — 2025 ж. қорытынды кезеңі
- Л. Эйлер атындағы олимпиаданың жүлдегерлері — 2025 ж. қорытынды кезеңі
- 5-6 сыныптарға арналған Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері — 2025 ж. қорытынды кезеңі
- ҚЖО – 2025 жүлдегерлері – қорытынды кезеңі
МІНДЕТТІ ТІРКЕЛУ
Қорытынды кезеңге өткен барлық қатысушылар және олимпиадалар жүлдегерлері тіркелу нысанын толтыруы тиіс.
Нысанға сілтеме: https://forms.gle/nUy4zjhNiCMLnPr28
Өтінім мерзімі: 2026 жылғы 18 ақпанға 12:00 дейін
⚠️ Тіркелусіз финалға қатысу мүмкін емес!
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
- Тіркелуге 15 минуттан артық кешігу — қатысудан шеттетіледі
- Жеке басын куәландыратын құжат міндетті түрде болуы керек
- Турлар кезінде телефондар мен басқа электрондық құрылғыларды пайдалану қатаң тыйым салынған
ӨТКІЗУ ОРЫНДАРЫ
Қорытынды кезең РФММ филиалдарында өткізіледі:
| Өткізу орны | Мекенжайы |
| Алматы РФММ | Бұхар Жырау даңғылы, 36 |
| Астана РФММ | Түркістан көшесі, 2/1 |
| Орал РФММ | Тәуелсіздік көшесі, 9B |
Қауіпсіз өткізу кепілдендіріледі: прокторинг жүйесі, бейнетіркеу және тегін онлайн-трансляция.
ОЛИМПИАДА ПӘНДЕРІ
- Математика — 6, 7, 8 сыныптар
- Физика — 7, 8 сыныптар
- Информатика — 6, 7, 8 сыныптар
️ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
21 ақпан (сенбі) — Бірінші күн, 1-тур
| Уақыты | Іс-шара |
| 08:00 – 09:00 | Қатысушыларды тіркеу |
| 08:30 – 09:00 | Аудиторияларға орналастыру |
| 09:00 – 12:00 | 1-тур (3 сағат) |
22 ақпан (жексенбі) — Екінші күн
| Уақыты | Іс-шара |
| 08:00 – 09:00 | Аудиторияларға орналастыру |
| 09:00 – 12:00 | 2-тур (3 сағат) |
| 15:00 – 15:30 | Апелляцияға өтінімдерді қабылдау |
| 15:30 – 17:30 | Апелляцияларды қарау |
| 18:30 – 19:30 | Марапаттау рәсімі |
ӨЗІҢІЗБЕН НЕ АЛУ КЕРЕК
- Жеке басын куәландыратын құжат — төлқұжат, жеке куәлік немесе туу туралы куәлік
- Жазу құралдары — тек көк түсті қаламсаптар, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш
- Бағдарламаланбайтын калькулятор — тек физика үшін (графикалық тыйым салынған)
- Су және жеңіл тамақ — мөлдір орамада, жапсырмасыз
МАРАПАТТАР МЕН СЫЙЛЫҚТАР
- I дәрежелі диплом — иегерлері қорытынды кезеңге қатысқан қалада — Алматы немесе Астанадағы РФММ тиісті филиалында келесі оқу жылына мемлекеттік грант алады. Орал қаласындағы олимпиада жеңімпаздары Алматы немесе Астанадағы РФММ кез келген филиалында оқуға мемлекеттік грант алады.
- II дәрежелі диплом — Диплом және естелік сыйлықтар
- III дәрежелі диплом — Диплом және естелік сыйлықтар
Нөлдік емес ұпай жинаған қатысушылардың 45%-ына дейін дипломмен марапатталады.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ
Email: gzho@fizmat.kz
Барлық қатысушыларға сәттілік пен тамаша нәтижелер тілейміз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…
РФММ мұғалімі мемлекеттік марапатқа ие болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және оларды дайындаған жаттықтырушы-педагогтермен кездесті. Кездесу барысында үздік ұстаздарға мемлекеттік марапаттар табысталды. Ақордада өткен кездесуге шақырылған…
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті. Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….
8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…
Қазақстан құрамасы әл-Хорезми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды
Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен өткен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) мәресіне жетті. Әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар бақ сынаған бұл…