Мерейтойлық ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында бәске 344 медаль тігілді
2024 жылғы 13 қаңтарда “Алматы театр” ғимаратында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты жабылуы өтті. Оған әлемнің 16 елінен 700 оқушы қатысты. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрі Ғани Бейсембаев құттықтау сөз сөйледі.
«Олимпиада 20 жылдан бері ғылыми қызығушылықтарды дамытып, іргелі білімнің брендіне айналған Республикалық физика-математика мектебінің базасында өткізіліп келеді. Бұл білім ошағында көрнекті ғалым-математик, академик Орымбек Ахметбекұлы Жәутіковтың жетекшілігімен дарынды математиктердің тұтас буыны өсті. Сондықтан олимпиадаға осы ұлы ғалым мен ұстаздың есімі берілді. Бүгінде ол әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген талантты мектеп оқушыларын жинады. Олимпиада білім бәсекесіне айналып қана қоймай, қазақ мәдениеті мен дәстүрі әлеміне есік ашты. Қазақ халқының қонақжайлылығы мен ізгі ниеті олимпиаданың барлық қатысушылары мен қонақтары үшін ұмытылмастай есте қалды», – өз сөзінде ҚР Оқу-ағарту Министрі Ғани Бейсембаев атап өтті.

«Жаңа эмоциялар, жаңа әсерлер, қызықты сәттер, күрделі есептер мен Қазақстан жеріндегі жаңа достарға толы апталық осымен аяқталды. Алматы қаласының неше дүркін бойы осы олимпиаданы қабылдағанына қуаныштымын және де ол сіздердің өмірлеріңізде лайықты орын алатынына сенімдімін. Мұнда сіздер өздеріңізді сыннан өткізіп, ал көпшілігіңіз бірінші рет жеңіске жеттіңіздер», – деді РФММ КеАҚ директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниев өз сөзінде.

Халықаралық қазылар алқасына 7 елдің мамандары қатысты: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ. Олимпиаданың халықаралық қазылар алқасының төрағасы – Қазақстан Республикасы Президентінің ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, академик Асқар Жұмаділдаев.
Олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Түркия, Түрікменстан, Румыния және Индонезия сынды 16 елден 700-ге жуық оқушы қатысты.
Барлығы үш пән бойынша 344 қатысушы жүлдегер атанды. Бас жүлдеге Санкт-Петербург қаласынындағы № 239 Президенттік физико-математикалық лицей командасы ие болды. Бірінші орынды Мәскеу қаласындағы Овчинников В.Ф. атындағы «Екінші мектеп» лицейі иеленді, екінші орынды Тбилиси қаласындағы Комаров Л.В. атындағы № 199 спецмектеп және Долгопрудный қаласындағы Капицы П.Л. атындағы «Физтех-лицей» бөлісті, үшінші орынды Минск қаласындағы БМУ лицейі, София қаласындағы Sofia High School of Mathematics, Долгопрудный қаласындағы Капицы П.Л. атындағы «Физтех-лицей» және Алматы қаласындағы РФММ бөлісті.
Қазақстандық оқушылар 109 медаль (10 алтын, 43 күміс, 56 қола) жеңіп алды.
Гран-при жеңіп алған команданың барлық мүшелеріне кубок және Lenovo ноутбуктары табысталды. Барлық жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Әр пән бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар Нұрлан Қаппаров атындағы қордан арнайы сыйлықтар алды: математикадан Нұрлан Қаппаров атындағы сыйлықты Давид Клдиасшвили (Грузия), физикадан Әділет Имамбеков атындағы сыйлықты Даниил Гаврилов (Россия) және информатикадан Илья Сегалович атындағы сыйлықты Борис Михов (Болгария) алды.
Қыздар арасындағы ең жоғары нәтижелер де марапаттарға ие болды. Олар: математика пәні бойынша Беларусьтан Марина Ильина, физика пәні бойынша Румыниядан Куреа Александра-Мария, информатика пәні бойынша Ресейден Алена Иванова.
Қазақстандық оқушылар арасында үздік нәтиже көрсеткені үшін математикадан Амирлан Аманжолов (Алматы қ. РФММ), физикадан Артур Ким (Ақтөбе қ. БИЛ) және информатикадан Мансур Мамадахунов (Қызылорда қ. БИЛ) арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Ауыл оқушылары арасында математика пәнінен үздік нәтиже көрсеткені үшін Аділхан Ержанов (Бородулиха ауылы), физика пәнінен Ерсултан Есенгали (Алмалыбак ауылы) марапатталып сыйлықтар табысталды.
Өзбекстаннан келген ең жас қатысушы Азизбек Мамаджанов математикадан алтын иеленді.
Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігі және “Дарын” РҒПО қолдауымен өткізілді. Республикалық физика-математика мектебі осы іс-шараның сәтті өтуіне үлкен үлес қосқан сенімді серіктестері мен демеушілеріне, соның ішінде олимпиаданың бас демеушілері Lancaster group, Freedom Holding Corp., “Freedom Шапағат” корпоративтік қоры, корпоративтік демеушілер Almaty Theatre, ресми демеушілер Fizmat Endowment Fund, ADD Invest Properties, TAS Group, «Аssyltas» қоғамдық қоры және олимпиада серіктестері Kapparov Foundation және Lenovo AvtoPark, SKILL MATRIX, UMAG и Zapis.kz. компанияларына үлкен алғысын білдіреді.
Олимпиаданың ресми нәтижелері олимпиада сайтында қолжетімді: https://izho.kz.



Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Оксфордта оқыған РФММ мұғалімдері — жаңа белестерде!
2024–2029 жылдарға арналған «РФММ даму Стратегиясын» жүзеге асыру аясында және ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында Алматы, Астана және Орал қалаларының мұғалімдері Oxford International Study…
VIII Халықаралық FEMO International олимпиадасына қатысуға шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды VIII Халықаралық FEMO International олимпиадасына шақырады!(Fizmat Elementary Math Olympiad) ✏️ ✨ FEMO International – ең жылдам дамып келе жатқан…
Алматы РФММ халықаралық институционалдық аккредитация жүргізілді! ✨
10–12 қараша 2025 ж. «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ Алматы филиалында IAAR сыртқы эксперттік комиссиясының қатысуымен институционалдық аккредитация өтіп жатыр. Сапардың мақсаты — филиал…
ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына тіркелу басталды!
2026 жылғы 10–15 қаңтар аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZhO–2026) өтеді. Бұл беделді білім сайысы…
РФММ мұғалімдері АҚШ-та өткен халықаралық конференцияға қатысты
2024–2029 жылдарға арналған РФММ-нің даму Стратегиясында белгіленген екінші бағыт – мұғалімдердің жағдайын жақсарту болып табылады. Оның ішінде әсіресе ұстаздардың кәсіби өсуіне жағдай жасау…
KhIMIO 2025 олимпиадасында РФММ оқушысы күміс медаль жеңіп алды
5–9 қараша аралығында Тәжікстан астанасы – Душанбеде өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында РФММ-нің Алматы мектебіндегі 8 сынып оқушысы Оразбек Темір математика…
Хабарландыру
2025 жылғы 10–12 қараша аралығында «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Алматы қаласындағы филиалында халықаралық бағдарламалық аккредиттеу рәсімі өтеді. Бағалау жұмыстарын Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз…
Әлемдік білімге бастар жол
Advanced Placement (AP) — әлемнің үздік университеттеріне жетелейтін жол Advanced Placement (AP) бағдарламасы – 10–11-сынып оқушыларына пәндерді тереңдетіп оқуға және әлемнің жетекші жоғары…
РФММ оқушылары Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасының жүлдегері атанды
2025 жылы 27 қазан–1 қараша аралығында Жезқазған қаласында 9–11(12) сынып оқушыларына арналған Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасы өтті. Алматы қаласындағы РФММ оқушылары олимпиадаға…
Халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) олимпиадасы өтті
30–31 қазан күндері Алматы қаласындағы РФММ базасында жасанды интеллект саласындағы ең ірі оқушылар командалық жарысы – Халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) олимпиадасының…