Қалалық Жәутіков олимпиада – 2020!
2020 жылдың 19 және 26 сәуірде математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып) және информатика (6-8 сынып) пәндері бойынша XX ашық қалалық Жәутіков олимпиадасының І онлайн іріктеу кезеңі өтеді.
Олимпиаданың негізгі міндеттері математика, физика, информатика пәндерге қызығушылық тудыратын оқушыларды анықтау және ғылымға деген қызығушылықты дамыту, сондай-ақ дарынды балаларды қолдау болып табылады.
Олимпиада екі кезеңде өтеді:
19 және 26 сәуір: І онлайн кезеңнің екі туры.
Бір немесе екі турға да қатысуға болады. Қатысушының ең жақсы нәтижесі ескеріледі.
Видеотрансляцияны қамтамасыз ету қажет, Нұсқаулық қатысушыға электрондық мекен-жайға жіберіледі;
Мамыр айының соңы-маусым айының басы: II қорытынды кезең Алматы және Нұр-сұлтан қ. өтеді.
I (онлайн) кезең:
1-тур:
13-17 сәуір аралығында (22:00 дейін) сілтеме бойынша тіркелу
Тур 19 сәуірде өтеді:
- математика 09: 00-ден 11:00-ге дейін;
- физика 09: 00 ден 11:00 дейін;
- информатика сағат 09: 00-ден 12: 00-ге дейін.
2-тур:
20-24 сәуір аралығында (22:00 дейін) сілтеме бойынша тіркелу
* 1 турға қатысушылар автоматты түрде 2 турға тіркеледі.
Тур 26 сәуірде өтеді:
- математика 09: 00-ден 11:00-ге дейін;
- физика 9: 00 ден 11: 00 дейін;
- информатика сағат 09: 00-ден 12: 00-ге дейін.
Олимпиаданың 1 онлайн турына әр түрлі себептермен қатыспаған оқушылар 2 онлайн турға қатыса алады.
І кезеңнің нәтижелері бойынша ІІ кезеңнің қатысушылары анықталады.
І кезеңнің кез келген екі турында қатысушының ең жақсы нәтижесі есепке алынады.
Нәтижелер https://fizmat.kz/ сайтта жарияланады.
2019 жылғы Ашық қалалық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2020 жылғы Ашық қалалық Жәутіков олимпиадасының I кезеңіне (онлайн) қатысуынсыз екінші (күндізгі) кезеңге жіберіледі. Бұл оқушыларға сілтеме бойынша тіркеліп, дипломның сканерленген көшірмесін жүктеу керек!
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер олимпиаданың II кезеңінің екі турының тапсырмаларын орындағаны үшін жинаған ұпайлар жиынтығы бойынша анықталады. Олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Барлық сұрақтар бойынша мына электрондық пошта арқылы хабарласуға болады: almas.ordabayev@fizmat.kz
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…
Алматыда Математика, физика және информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы IZhO2026 өтеді
2026 жылғы 10-15 қаңтар аралығында Алматыда оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 22-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 16 елінен 622…
FIZMAT Education Fair – 2026
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында өтетін «FIZMAT Education Fair – 2026» халықаралық білім беру көрмесіне барлық оқушыларды шақырамыз ✨ «FIZMAT Education Fair –…
Байқау тесті басталды!
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…
VIII Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT Olympiad байқауы
✨Құрметті достар!✨ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды, шығармашыл ұстаздар…
VIII Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO) халықаралық олимпиадасының қысқы кезеңі
FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — Республикалық физика-математика мектебі мен Астана қаласындағы Fizmat Academy жүзеге асырып отырған авторлық халықаралық білім жобасы. Биыл бұл…
Жүлдегерлерді марапаттау
Жүлдегерлерді марапаттау: 6 желтоқсан сағат 11:00. Өтетін орны: РФММ мәжіліс залы. Үйлестіру: 5 желтоқсан (онлайн) 17:00-20:00. Геометрия https://meet.google.com/tdf-kbzz-fid Физика https://meet.google.com/gkx-fcjs-dtb Информатика https://meet.google.com/tpx-bmhy-mqm
XXVI Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі!
2025 жылдың 20 желтоқсанында төмендегі пәндер бойынша оқушыларға арналған онлайн-іріктеу өтеді: Математика (6–8 сынып) Физика (7–8 сынып) Информатика (6–8 сынып) Олимпиаданың мақсаты: талантты…