Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
27
Oct
26

Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда



Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды. Финалға 15 елден 49 команда жолдама алды.

Олимпиадаға Армения, Беларусь, Испания, Италия, Қазақстан, Кипр, Қырғызстан, Марокко, Моңғолия, Румыния, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түрікменстан және Филиппин оқушылары қатысуда.

FAIO 2026 — мектеп оқушыларына арналған, командалық форматта өтетін жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы. Қатысушылар бірден үш адамға дейінгі командаларға бірігіп, бағдарламалау, деректерді талдау және математика бағыттары бойынша тапсырмаларды орындайды.

Олимпиада биыл үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Егер 2024 жылы жарысқа тек Қазақстан оқушылары қатысса, 2026 жылы іріктеу кезеңіне 28 елдің 125-тен астам қаласынан шамамен 1 500 оқушы қатысты.

Олимпиаданың ерекшелігі — қатысушылардан машиналық оқыту саласында алдын ала тәжірибенің болуы талап етілмейді. Қажетті теориялық білім тапсырмалармен бірге беріледі. Олимпиадаға қатысу тегін.

Финалдық кезеңнің екі туры 27–28 қазанда өтеді. Әр турдың ұзақтығы — бес сағат. Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі мен жеңімпаздарды марапаттау 29 қазанға жоспарланған. Қорытындысы бойынша финалға қатысушылардың жартысынан аспайтын бөлігі жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдарына ие болады.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар — Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен SDU University.

Жобаның телекоммуникациялық серіктесі — activ 5G, технологиялық серіктесі — Freedom Holding Corp., инновациялар жөніндегі серіктесі — ANSA Qory, ал әлеуметтік ықпал жөніндегі серіктесі — Halyk. Сондай-ақ олимпиада серіктестері қатарында Mastercard, investbanq, MA7 Ventures, Silkroad Innovation Hub және Marine Health бар.

FAIO 2026 олимпиадасына ақпараттық қолдауды Grants.kz, AICA, NARIKBI LIVE, stanbase, THE TECH, iCreator studio, ORA, Jibek Joly және berneiz медиа-серіктестері көрсетеді.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    15
    Oct
    26

    Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды

    Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…

      14
      Oct
      26

      Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді. ​

      2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…

        18
        Sep
        26

        FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD

        FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….

          29
          Aug
          26

          Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік

          Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…

            24
            Aug
            26

            РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты

            Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…

              24
              Aug
              26

              РФММ мұғалімі мемлекеттік марапатқа ие болды

              Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және оларды дайындаған жаттықтырушы-педагогтермен кездесті. Кездесу барысында үздік ұстаздарға мемлекеттік марапаттар табысталды. Ақордада өткен кездесуге шақырылған…

                13
                Jul
                26

                ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

                Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті. Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу…

                  24
                  Jun
                  26

                  ХАБАРЛАНДЫРУ!

                  Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….

                    10
                    Jun
                    26

                    8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті

                    Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…

                      10
                      Jun
                      26

                      Қазақстан құрамасы әл-Хорезми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды

                      Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен өткен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) мәресіне жетті. Әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар бақ сынаған бұл…