Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
29
Aug
26

Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік



Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды жаңғыртуға бағытталған алғашқы кешенді жоба.

Жаңарған кампустың жалпы аумағы 12 мың шаршы метрден асады. Үш қабатты ғимарат заманауи білім беру талаптарына сай қайта жабдықталып, оқушылар мен педагогтер үшін қолайлы әрі функционалды білім беру ортасы қалыптастырылды.

Кампус құрамында заманауи оқу кабинеттері мен зертханалар, конференц-зал, жобалық және зерттеу жұмыстарына арналған кеңістіктер, кітапхана, рекреациялық аймақтар, шахмат кабинеті, үстел теннисі алаңы, мұғалімдерге арналған жұмыс кеңістігі және лекторий бар.

Мектептің қайта жаңғырту жұмыстарына оның әр жылдардағы түлектері ерекше үлес қосты. Олардың қатарында мектептің 1987 жылғы түлегі, «РФММ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Берік Сералыұлы Қаниев бар. Оның қолдауымен мектептің лекториясы жаңғыртылып, білім алушыларға дәрістер, кездесулер, пікірталастар мен білім беру іс-шараларын өткізуге арналған заманауи кеңістік жасалды.

«Мен бұл мектепті 1987 жылы бітірдім. 1 қыркүйекте оның табалдырығын аттайтын балалар мүлде басқа мектепті көреді. Бүгін Алматыда РФММ-ның жаңа кампусы ашылды. Бұл — 54 жыл ішіндегі алғашқы толық жаңғырту. Мектепті қолдаған әрбір түлекке үлкен рақмет», — деді Берік Сералыұлы Қаниев.

РФММ тарихында мектеп түлектерінің орны ерекше. Осы жылдар ішінде білім ордасы 12 мыңнан астам түлек тәрбиелеп шығарды. Бүгінде оның түлектері ғылым, білім, технология, бизнес және басқа да маңызды салаларда еңбек етіп, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып келеді. Мектеп түлектерінің шамамен 40 пайызы жыл сайын әлемдік рейтингтегі үздік 100 университетке оқуға түседі.

Жаңғыртылған кампус — мектептің көпжылдық дәстүрін сақтай отырып, білім алушылардың академиялық, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға жаңа мүмкіндік беретін заманауи білім беру кеңістігі.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    13
    Jul
    26

    ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

    Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті. Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу…

      24
      Jun
      26

      ХАБАРЛАНДЫРУ!

      Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….

        10
        Jun
        26

        8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті

        Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…

          10
          Jun
          26

          Қазақстан құрамасы әл-Хорезми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды

          Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен өткен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) мәресіне жетті. Әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар бақ сынаған бұл…

            08
            Jun
            26

            ХАБАРЛАНДЫРУ!

            Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…

              18
              May
              26

              7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат

              2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….

                16
                May
                26

                7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат

                2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…

                  12
                  May
                  26

                  РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Балқан математика олимпиадасының қола жүлдегері атанды

                  Алматы қаласы РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Грекияның Салоники қаласында өткен 43-ші Халықаралық Балқан математика олимпиадасында (BMO-2026) қола жүлдегер атанды. BMO – аймақтағы ең…

                    05
                    May
                    26

                    FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыіыз!

                    Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және одан жоғары…

                      24
                      Apr
                      26

                      Хабарландыру

                      Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында…