РФММ мұғалімі «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды

Астанада Білім басқармасының ұйымдастыруымен QAZAQSTAN орталық концерт залында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты мерекелік концерт өтті. Іс-шараға елорданың 3 мыңға жуық педагогі мен еліміздің барлық өңірінен келген үлгілі ұстаздар жиналды.
Мерекелік кешке Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, барша ұстазды құттықтады. Салтанатты шара барысында министр білім саласын дамытуға зор үлес қосқан педагогтерді «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» және «ҚР Еңбек сіңірген ұстазы» медальдерімен марапаттады.
Осы күні ерекше қуанышқа бөленгендердің қатарында Республикалық физика-математика мектебінің Алматы қаласындағы филиалының математика пәнінің мұғалімі Ахметова Ғалия Зейноллақызы да бар. Ол отыз жылдан астам уақыт бойы математикадан сабақ беріп келе жатқан тәжірибелі де білікті ұстаз. Ғалия Зейноллақызына «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.
Бұл марапат – ұстаздарға деген үлкен құрмет пен еңбектерінің лайықты бағалануы деп білеміз.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
РФММ мұғалімі Мемлекет басшысының марапатына ие болды
«РФММ» КеАҚ-ның Алматы қ. филиалының ардагер ұстазы Жәмішева Сәуле Абрашевна ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісін алды. Сәуле…
Fizmat оқушысы әлемдік чарттарды бағындыруда
Fizmat оқушысы дүниежүзілік музыка аренасында сенсация жасады. Бар-жоғы 11-сыныпта оқып жүрген ол өзінің «SLAVA FUNK» атты трегі арқылы әлемдік хиттің авторы атанды. Бүгінде…
Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу
✅ Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударды. Президент атап өткендей, экономиканы жан-жақты жаңғырту ең алдымен адам капиталын…
РФМШ Алматы оқушыларына арналған олимпиадалық резервке іріктеу
Математика Өткізу күні: сенбі, 2025 жылғы 6 қыркүйек Сыныптар: 7–8 сыныптар Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/tenDE6YcQYabwDxY6 Өткізу уақыты: 09:00–13:00 Өткізу орны: Жаңа корпустың акт залы…
РФММ мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды
РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Темірлан Қайратұлы Сатылхановқа білім беру саласындағы жетістіктері мен…
Ұстаздардың тамыз конференциясы – 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысты. Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен өтті. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңға…
РФММ — чемпиондар мектебі: Алматы РФММ – әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды!
2025 жылғы 2-6 тамызда АҚШ-тың Александрия қаласында мектеп командалары арасында шахматтан Әлем чемпионаты өтті. Чемпионаттың басты ерекшелігі — әр команда бір мектептің оқушыларынан…
Қазақстан командасы IYPT 2025-те
Республикалық физика-математика мектебінің (РФМШ) базасында дайындалған Қазақстан командасы, 29 маусымнан 6 шілдеге дейін Швецияның Лунд қаласында өткен Халықаралық жас физиктер турниріне (IYPT) қатысқанын…
РФММ оқушылары Мемлекет басшысының марапатына ие болды
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады. Іс-шараға 24 лауреат қатысты: 4 алтын 11 күміс 9 қола…
Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!
Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! 2025 жылғы 24 маусым мен 05 тамыз аралығында https://admissions.fizmat.kz/ru/kak-postupit-dop-nabor/ сайтында Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалында ақылы негізде оқуға түсу…