Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
03
May
23

Интернаттық ұйымдарда сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу



28 сәуір күні Республикалық физика-математикалық мектеп-интернат тәрбиешілері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ республикалық кәсіби даму институты тыңдаушыларына арнап «Интернаттық ұйымдарда сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу» атты семинар өткізді. Жиында көшпелі тәжірбиелік сабақ жүргізгендер: интернат меңгерушісі Қалдыбаев Ербол Омарұлы, «Педагогика» бірлестігінің жетекшісі Телебаева Лаура Сыдыққызы, тәрбиешілері: Мақсұтова Гүлмира Жарылқапқызы, Айтуарова Манат Бодаубайқызы және «Аяулы балапан» қайырымдылық үйірме жетекшісі Сетербаева Айгүл Дюсетайқызы. Таңдалған тақырыптарымыз тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша және Біріккен Ұлттар Ұйымының 17 тұрақты даму мақсаты бойынша  жүзеге асырылатыны айтылды. Оқылған тақырыптарымыз: «Үш одақ» «Орта білім беру ұйымдарында гендерлік тәсілді іске асыруда жеке тұлғаның әлеуетін дамыту». «Сыныптан тыс жұмыс – үйірме жұмысы. «Аяулы балапан» үйірмесі негізінде».

Өрлеу орталығынан Көмекова Сандуғаш Оралханқызы, Айгүл Аманжолқызы лекторларының бастауымен келген дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиеті бағытындағы Абай мектеп интернаты,  17, 15,  10,  мектеп-интернаттар тәрбиешілеріне біздің тәжірбиеден алары көп екені жайлы айтып, рефлексия кезінде жаңартылған білім жағдайында тәрбиеленушілердің бойына жоғары қазақстандық патриоттық сезімі бар, рухани-адамгершілік ұстанымы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп отырғанымызды айтты. Қазақтың “баланы сөзіңмен емес, ісіңмен тәрбиеле” деген ұлағатты сөзін ту етіп ұстаған әрбір тәрбиешінің жүрегі жұмсақ, өз ісіне адал, еңбекқор, жауапкершілігі мол. Білімі мен білігін қатар шыңдап, іс-жүзінде көрсетіп, оқушылардың ыстық ықыласына бөленіп жүрген тәрбиешілеріміз әлі үлкен семинарлар ұйымдастырып, биіктен көрінеді деп сенеміз.  

 

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    16
    May
    26

    7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат

    2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…

      12
      May
      26

      РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Балқан математика олимпиадасының қола жүлдегері атанды

      Алматы қаласы РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Грекияның Салоники қаласында өткен 43-ші Халықаралық Балқан математика олимпиадасында (BMO-2026) қола жүлдегер атанды. BMO – аймақтағы ең…

        05
        May
        26

        FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыіыз!

        Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және одан жоғары…

          24
          Apr
          26

          Хабарландыру

          Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында…

            23
            Apr
            26

            Қабылдау емтиханы туралы ақпарат

            Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…

              04
              Apr
              26

              Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті

              Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті! Шымкент қаласы еліміздің ең үздік математиктері мен ғалымдарының басын қосқан ғылым орталығына айналды. Бұл ауқымды шара — отандық…

                31
                Mar
                26

                Астанада АТМО және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары өтті

                Астана қаласында халықаралық математикалық олимпиадалар — XXXVIII Азия–Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы (АТМО) және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы өтті. АТМО қорытындысы бойынша Республикалық…

                  31
                  Mar
                  26

                  «Математикалық регата — 2026»: РФММ командасы I орын иеленді

                  2026 жылы өткен «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша «РФММ» командасы үздік нәтиже көрсетіп, I орынды иеленді. Аталған беделді білім додасына «Республикалық физика-математика…

                    31
                    Mar
                    26

                    Алматы РФММ тренері бағдарламалаудан халықаралық чемпионаттың жүлдегері атанды

                    Алматы қаласындағы РФММ-нің информатика пәні бойынша жаттықтырушысы Қуанышбай Айбар спорттық бағдарламалау бойынша Central Asia Programming Championship 2026 халықаралық чемпионатында II орын иеленді. Жарыс…

                      31
                      Mar
                      26

                      Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетті

                      Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, 1 күміс медаль, 3 қола медаль және 4 мақтау…