Алматы РФММ оқушылары математикадан жасөспірімдер арасындағы халықаралық Балқан олимпиадасында 1 күміс және 2 қола медальдарға ие болды

28 маусым мен 3 шілде аралығында Босния және Герцеговина елінің астанасы Сараево қаласында офлайн форматта математикадан жасөспірімдер арасындағы халықаралық Балқан олимпиадасы (JBMO) өтті.
Олимпиадаға Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Македония, Греция, Молдова Республикасы, Черногория Республикасы, Румыния, Сербия сияқты Балқан түбегінің елдері қатысты. Биылғы жылы олимпиадаға 19 елден 81 қатысушы қатысып бақтарын сынады.
Жыл сайын Қазақстан олимпиадаға географиялық жағынан Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналаспағандықтан, қонақ ел ретінде қатысады. Бұл жолы еліміздің құрама командасы 6 оқушыдан жасақталды. Оның ішінде Алматы РФММ үш оқушысы бар. Олар Егеубаев Динмухамед, Аманжолов Амирлан және Сахипов Әмір.
30 маусымда қазақстандық оқушылар теориялық турдың тапсырмаларын орындады, ал 3 шілдеде олимпиаданың салтанатты жабылу кезінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Олимпиадаға қатысудың қорытындысы бойынша Алматы РФММ оқушылары төмендегі жетістіктерге қол жеткізді:
- Егеубаев Динмухамед – күміс медаль;
- Аманжолов Амирлан – қола медаль;
- Сахипов Әмір – қола медаль;
Жалпы командалық есепте Қазақстан Румыния, Сербия, Түркия және Сауд Арабиясынан кейін 5-ші орынды иеленді.
Дарынды да білімпаз оқушыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі – еліміздегі ең үздік олимпиадалық мектеп атанды.
2024–2025 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде Алматы Республикалық физика-математика мектебі (Алматы РФММ) 76 ұпаймен республикалық рейтингте…
TasIMO-2025: Жаңа жеңістерге жол ашқан Ташкент!
2025 жылғы 18–20 мамыр аралығында Ташкент қаласында 48 ел мен Өзбекстанның 14 өңірінен келген 850-ден астам қатысушыны біріктірген TasIMO-2025 халықаралық олимпиадасы өтті. Алматы…
“Мектебім, саған мың алғыс”
Бүгін Алматы қаласындағы РФММ-де 11-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылып, “Мектебім, саған мың алғыс” атты салтанатты жиын өтті. Жас түлектерімізді бала шақтан болашаққа…
«Мектеп мақтанышы – 2025»
23 мамыр күні РФММ-де жыл сайынғы игі дәстүрге айналған «Білімім – Отанымa!» атты салтанатты жиыны өтті. Оның барысында үздік оқушыларға мектебіміздің ең беделді…
«IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасы
2025 жылғы 17 мамыр күні «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен алғаш рет «IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасы өтті. Білім беру саласындағы маңызды жаңа жобаны…
Ескірмейтін естеліктер кеші…
Құрметті РФММ түлектері! Сағынышпен әрі ілтипатпен балалықтың бастауы болған алтын ұя мектебімізге — есер шақтың қызықтарын еске алу үшін кездесуге шақырамыз. 2025 жылғы…
«Science. Technology. Algorithmization. Programming» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының нәтижелері
2025 жылы 25–26 сәуірде «Science. Technology. Algorithmization. Programming» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы онлайн форматта сәтті өтті! 375 оқушы тіркеліп, 12 секция бойынша…
Қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті
2025 жылдың мамыр айында қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді. Олимпиаданың ақтық мәресіне жалпы саны 278 оқушы қатысты. Зияткерлік сайыстың нәтижесінде жоғары білім…
Ақпараттық хат ҚЖО 2025
2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…
Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды
Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…