«Жігіт Сұлтаны-2022»
25 ақпанда Алматы РФММ 50 жылдығына орай «Жігіт сұлтаны-2022» байқауы өтті. Серілер сынына білекті де жүректі 11 жігіт қатысып, мықтылықтарын танытты.
Таныстыру кезеңінде жігіттердің білім, біліктілігі, сөз саптау, сөйлеу мәнері сыналды. Қатысушылар өзін, ата-тегін, өскен жерін дүйім жұртқа таныстырды. Бұл кезеңде шаршы топтың алдына шығып тосылғандар да болды, арыны қатты ақындар да болды.
Байқаудың екінші кезеңінде жігіттер өз өнерлерін паш етті. Бірі мәнерлеп оқыса, бірі ұлттық аспаптың құлағында ойнады, бірі көрініс көрсетті. Келесі «Сұрақ-жауап» кезеңінде үміткерлеріміз «Жеті қазына», «Бес асыл іс» және салт-дәстүрлер туралы сұрақтарға сүрінбей жауап берді.
Сайдың тасындай сап түзеген сайыпқырандар сайыстың төртінші кезеңінде ләңгі тебу ұлттық ойынына қатысты. Үміткерлердің бұл сынағы да тартысты болды. Бұл кезеңде 8 «М» сыныбының намысын қорғап келген Ерік Бейбарыс жолда қалдыратын жігіт табылмады. Жастайынан спортпен айналысатын ол ләңгіні 29 мәрте теуіп, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты.
Ауыз толтырып айта кететін жайт – бұл таланды тартысқа өзге ұлт өкілдерінің қатысқаны. Тишкин Яромир және Быстрицкий Матвей атты қатысушыларымыз барлық кзееңдерде тек қазақша сөйлеп, көпшілік көзайымына айналды. Жігіттердің бұндай батыл қадамға баруы бізді қуантты. Быстрицкий Матвей өнер сайысында атақты «Дос-Мұқасан» ансамблінің «Той жыры» әнін гитараның сүйемелдеуімен орындап, көрермендердің көңілін көтерді.
Төрт кезең бойынша өткен сайыста 8 «А» сыныбының серісі Амангелдин Заңғар «Жігіт сұлтаны-2022» атанды. Оған арнайы дайындалған «Жігіт сұлтаны – 2022» алтын белдігі табыс етілді.
Тәуелсіз елдің ұландары осылайша мықтылықтарын танытып, «Жігіт сұлтаны» деген атқа лайық екендіктерін дәлелдеді.
- Амангелдин Заңғар 8 «А» – «Жігіт сұлтаны-2022»
- Қдырбаев Әбілмансұр 8 «В» – «Сері жігіт»
- Атамкул Жалгас 8 «С» – «Талантты жігіт»
- Боранбаев Ерасыл 8 «G» – «Жалынды жігіт»
- Қамытбек Дулат 8 «Н» – «Алғыр жігіт»
- Ерік Бейбарыс 8 «М» – «Сегіз қырлы, бір сырлы»
- Тишкин Яромир 8 «D» – «Шебер жігіт»
- Кайназаров Райыс 8 «Е» – «Сымбатты жігіт»
- Жәнібек Дінмұхамед 8 «F» – «Көрермендер көзайымы»
- Адамбеков Мате 8 «К» – «Дарынды жігіт»
- Быстрицкий Матвей 8 «L» – «Өнерлі жігіт»
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
РФММ ОҚУШЫСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
4–15 қазан Албанияның Дуррес қаласында классикалық шахматтан 14, 16 және 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында өткен әлем чемпионатында РФММ оқушысы топ…
РФММ мұғалімі «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды
Астанада Білім басқармасының ұйымдастыруымен QAZAQSTAN орталық концерт залында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты мерекелік концерт өтті. Іс-шараға елорданың 3…
РФММ мұғалімі Мемлекет басшысының марапатына ие болды
«РФММ» КеАҚ-ның Алматы қ. филиалының ардагер ұстазы Жәмішева Сәуле Абрашевна ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісін алды. Сәуле…
Fizmat оқушысы әлемдік чарттарды бағындыруда
Fizmat оқушысы дүниежүзілік музыка аренасында сенсация жасады. Бар-жоғы 11-сыныпта оқып жүрген ол өзінің «SLAVA FUNK» атты трегі арқылы әлемдік хиттің авторы атанды. Бүгінде…
Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу
✅ Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударды. Президент атап өткендей, экономиканы жан-жақты жаңғырту ең алдымен адам капиталын…
РФМШ Алматы оқушыларына арналған олимпиадалық резервке іріктеу
Математика Өткізу күні: сенбі, 2025 жылғы 6 қыркүйек Сыныптар: 7–8 сыныптар Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/tenDE6YcQYabwDxY6 Өткізу уақыты: 09:00–13:00 Өткізу орны: Жаңа корпустың акт залы…
РФММ мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды
РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Темірлан Қайратұлы Сатылхановқа білім беру саласындағы жетістіктері мен…
Ұстаздардың тамыз конференциясы – 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысты. Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен өтті. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңға…
РФММ — чемпиондар мектебі: Алматы РФММ – әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды!
2025 жылғы 2-6 тамызда АҚШ-тың Александрия қаласында мектеп командалары арасында шахматтан Әлем чемпионаты өтті. Чемпионаттың басты ерекшелігі — әр команда бір мектептің оқушыларынан…
Қазақстан командасы IYPT 2025-те
Республикалық физика-математика мектебінің (РФМШ) базасында дайындалған Қазақстан командасы, 29 маусымнан 6 шілдеге дейін Швецияның Лунд қаласында өткен Халықаралық жас физиктер турниріне (IYPT) қатысқанын…













