FIZMAT ALUMNI CUP
14 тамызда Алматы РФММ-де мектеп түлектері арасында спартакиада өтті. Футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі және шахмат бойынша жарыстарға 1974, 1984, 1985, 1995, 2004, 2006, 2008, 2009, 2010, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018 және 2020 жылдардың түлектері қатысты . Сонымен қатар, 3х3 баскетбол турнирінде 10 сынып оқушылары бой көрсетсе, волейбол турниріне мектеп қызметкерлерінің командасы белсене қатыстқан болатын.
Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Сондай-ақр, барлық жүлдегерлер мектептің 45 жылдығына орайластырылған “Үлкен үзіліс” кітабын сыйлыққа алды.
ФизМат түлектері арасындағы Спартакиада алғаш рет осындай форматта өткізіліп отыр. Келесі жылы – мектептің мерейтойлық жылына спартакиаданың кезекті өткізілуі жоспарланған. Бұл ФизМат қауымдастығының барлық ұрпақтарының жақсы дәстүріне айналады деп сенеміз.
Іс-шараның демеушілері мен серіктестеріне, атап айтқанда “Fizmat Endowment Fund” ҚҚ, Turan Water сауда маркасына, Jas Qyran Football Ortalygy, Pause сауда маркасына, “Дай доп” баскетболды қолдау қорына, сондай-ақ #81 мектеп әкімшілігіне берілген футбол алаңы үшін алғыс айтамыз.
Алматы РФММ қызметкерлеріне іс-шараны өткізуге көмектескені үшін, “Аяулы балапан” үйірмесінің еріктілеріне жәрмеңке ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ домбыра оркестрінің, ВИА, хор қатысушыларына және вокалдық орындаушыларға турнир кезінде концерт ұйымдастырғаны үшін жеке алғысымызды білдіреміз.
Іс-шараға қатысушылардың кері байланысы бойынша спорт мерекесі, достық мерекесі сәтті өтті деп сенімді түрде айта аламыз. Ал, музыкасыз және мерекелік палаусыз ешқандай мерекені елестету мүмкін еместігі анық…
Фотографии с мероприятия можно посмотреть по ссылке:
https://drive.google.com/drive/folders/1fMwHeVK7fZCiQ57T7QRUA6uuit3L67S1
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…
ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026 …
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…
Алматыда Математика, физика және информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы IZhO2026 өтеді
2026 жылғы 10-15 қаңтар аралығында Алматыда оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 22-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 16 елінен 622…
FIZMAT Education Fair – 2026
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында өтетін «FIZMAT Education Fair – 2026» халықаралық білім беру көрмесіне барлық оқушыларды шақырамыз ✨ «FIZMAT Education Fair –…
Байқау тесті басталды!
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…
VIII Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT Olympiad байқауы
✨Құрметті достар!✨ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды, шығармашыл ұстаздар…
VIII Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO) халықаралық олимпиадасының қысқы кезеңі
FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — Республикалық физика-математика мектебі мен Астана қаласындағы Fizmat Academy жүзеге асырып отырған авторлық халықаралық білім жобасы. Биыл бұл…

