Назар аударыңыз, байқаулар мен ғылыми жарыстар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2017-2018 оқу жылына келесі халықаралық байқауларды және ғылыми жарыстарды өткізуді жоспарлап жатқандығы туралы хабарлайды.
Байқоңыр қаласында 2018 жылдың 4 сәуірінен бастап 7 сәуірін қоса алғанда «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми жарыстар өтеді;
Алматы қаласында С.Демирель атындағы университеттің негізінде 2018 жылдың 12 сәуірінен бастап 15 сәуірін қоса алған кезеңде «INFOMATRIX» атты компьютерлік жобалар (информатика) бойынша халықаралық жарыстар өтеді;
Королев қаласында (Ресей Федерациясы) ағымдағы жылдың 23 сәуірінен бастап 28 сәуірін қоса алғанда «Адам – Жер – Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жалпы ресейлік олимпиадасы өтеді;
Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) 2018 жылдың 29 сәуірінен бастап 3 мамырын қоса алғанда «Математика және жобалау» атты халықаралық ғылыми байқау өтеді.
Аталған байқауларға қатысуға ниет білдірген РФММ оқушылары жоғарыда көрсетілген барлық байқаулар өткізілгенге дейін 35 күннен кешіктірмей қатысуға өтінімдерді беру үшін 215 кабинетке келу қажет.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…
РФММ-нің оқушылары мен ұстаздары «Шал» фильмін тамашалады
РФММ-нің жоғары сынып оқушылары, мұғалімдері және бірқатар ата-аналар Алматы қаласында өткен «Шал» қазақ көркем фильмінің арнайы көрсетіліміне қатысып, мазмұны терең, тағылымы мол кездесуге…
Young Researchers Tournament
2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі базасында Young Researchers Tournament (YRT) — Жас зерттеушілер турнирі өтеді. YRT — оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін, эксперименттік ізденісін және…
Республикалық физика-математика мектебіне Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді.
Республикалық физика-математика мектебіне Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді. Мектеп басшылығымен өткен кездесуде алдағы ынтымақтастықтың…
«Зерде» республикалық конкурсында Орынғали Батыржан II орын иеленді
28–31 қаңтар күндері Щучинск қаласында «Зерде» XXI Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып…
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…
ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026 …
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…