VIII Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO) халықаралық олимпиадасының қысқы кезеңі
FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — Республикалық физика-математика мектебі мен Астана қаласындағы Fizmat Academy жүзеге асырып отырған авторлық халықаралық білім жобасы. Биыл бұл олимпиада сегізінші рет өткізілді.
Олимпиада бір мезетте әлемнің 17 елінде және Қазақстанның барлық өңірінде ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жарысқа Австрия, Әзербайжан, Беларусь, Германия, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Коста-Рика, Малайзия, Ресей, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Түркия, Ұлыбритания, АҚШ және Өзбекстан мемлекеттерінің оқушылары қатысты. Жалпы қатысушылар саны 4 мыңнан асты.
Олимпиадаға жарыс талаптарына сәйкес 1–6 сынып оқушылары қатысты. Қатысушыларға математика пәнінен 10–15 тапсырмадан тұратын есептер ұсынылды. Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, жеңілден күрделіге қарай жүйелі түрде әзірленген. Олимпиада әр елде жергілікті білім беру ұйымдарының базасында өткізіліп, барлық қатысушыларға тең мүмкіндік берілді.
FEMO халықаралық олимпиадасы тапсырмаларының сарапшысы, математика ғылымдарының PhD докторы Алмас Мұхамбетұлы Кунгожин олимпиаданың маңызын ерекше атап өтті:
«Аталған білім сайысының негізгі мақсаты — жас математиктердің логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық әлеуетін арттыру және математикаға деген қызығушылығын күшейту. Сонымен қатар олимпиада оқушылардың білімін халықаралық деңгейде сынап, тәжірибе жинауына мүмкіндік береді».
FEMO халықаралық олимпиадасы үш кезеңнен тұрады.
Қысқы кезең — желтоқсан айында,
ІІ кезең — 2026 жылғы 1 наурызда,
Қорытынды финал — 2026 жылғы 1 маусымда Түркия елінде өтеді.
Алғашқы екі кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар халықаралық финалға жолдама алып, өз мемлекеттерінің намысын қорғайды. Айта кету керек, қысқы кезеңге қатыса алмаған оқушылардың көктемгі турға тіркелу мүмкіндігі бар.
VII FEMO халықаралық олимпиадасының қорытынды кезеңі Әзербайжан елінде өтіп, оған 10 мемлекеттен 500-ге жуық оқушы қатысқан болса оның 300-ге жуығы — қазақстандық шәкірттерді құрады.
«FEMO халықаралық олимпиадасы жас дарындардың білімін ғана сынап қоймай, халықтар арасындағы достықты нығайтуға да зор үлес қосып келеді».
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды
Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады….
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….
FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…
Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда
Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….
РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады
Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…





