Математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті
2023 жылдың 8 қаңтар күні Алматы қаласының, “Алматы театр” ғимаратында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті. Осы жылы олимпиадаға әлемнің 15 елінен, 650-ден астам қатысушы, сондай-ақ халықаралық қазылар алқасының мүшелері қатысады. Досаев Ерболат Асқарбекұлы – Алматы қ. әкімі, Жумадильдаева Наталья Васильевна – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі, Калиев Руслан Серикович – КеАҚ РФММ басқарма төрағасы, және Джумадильдаев Аскар Сериккулович – олимпиаданың халықаралық қазылар алқасының төрағасы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі құттықтау сөз сөйледі.
Олимпиаданың ерекшелігі – әлемнің мамандандырылған физика-математика мектептері арасында бірден үш пән бойынша өткізілуі. Осы жылы үш жылдық онлайн форматтан, олимпиада қайта офлайн форматта ұйымдастырылуда.
Олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Түркия, Түрікменстан және Румыния сынды 15 елден, 600-ге жуық оқушы қатысуда.

“Жыл сайын олимпиада әлемнің әртүрлі бұрыштарынан қатысушыларды тарта отырып, әлемдік ғылыми күнтізбеде маңызды оқиғаға айналуда. Осы зияткерлік жарыстарға қатысу үлкен құрмет қана емес, сонымен қатар өз мектебіңіздің, өз аймағыңыздың атынан шығатын әрбір адам үшін үлкен жауапкершілік”, – Алматы қ. әкімі Досаев Ерболат Асқарбекұлы өз сөзінде атап өтті.
Олимпиаданың мақсаты: оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, түрлі елдердің мамандандырылған мектептері арасында достық қарым-қатынас орнату, олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ Қазақстанның Білім және мәдениет деңгейін көрсету.
Олимпиада 8-13 қаңтар аралығында 20 жыл бойы осы іс-шараның ұйымдастырушысы болып табылатын Республикалық физика-математика мектебінің аясында өтуде.


Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…
ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026 …
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…
Алматыда Математика, физика және информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы IZhO2026 өтеді
2026 жылғы 10-15 қаңтар аралығында Алматыда оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 22-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 16 елінен 622…
FIZMAT Education Fair – 2026
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында өтетін «FIZMAT Education Fair – 2026» халықаралық білім беру көрмесіне барлық оқушыларды шақырамыз ✨ «FIZMAT Education Fair –…
Байқау тесті басталды!
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…
VIII Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT Olympiad байқауы
✨Құрметті достар!✨ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды, шығармашыл ұстаздар…
VIII Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO) халықаралық олимпиадасының қысқы кезеңі
FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — Республикалық физика-математика мектебі мен Астана қаласындағы Fizmat Academy жүзеге асырып отырған авторлық халықаралық білім жобасы. Биыл бұл…