Программисттер мектебі, көктем 2018
ҚБТУ бағдарламалау бойынша олимпиадаларға дайындау секторы 2018 жылғы көктемгі семестрге «Программисттер мектебіне» іріктеуді жариялайды. Негізгі мақсат – оқушыларды информатика пәні бойынша олимпиадаларға дайындау.
Келесі 3 лигаға іріктеу жүріп жатыр:
1) Жоғарғы лига (10-11 сыныптар), бағдарламалау бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
2) Орта лига (9-10 сыныптар) информатика пәні бойынша республикалық, облыстық және қалалық олимпиадалардың қатысушылары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
3) Кіші лига (7-8 сыныптар) математика пәні бойынша үздік білімдері бар, логикалық ойлай алатын және информатика пәні бойынша базалық білімдері бар оқушылар.
Ұстаздары: бағдарламалау бойынша олимпиадалардың көп ретті жүлдегерлері
Қабылдау емтихандары келесі мекенжай бойынша өтеді:
2018 жылдың 25 ақпанында жексенбі күні сағат 10.00-де ҚБТУ-да 444 аудиторияда, Төле би көшесі жағынан кіру. Іріктеу байқау бойынша жүргізіледі. Емтиханды табысты тапсырған оқушылар үшін сабақтар тегін болады.
Қатысуға ниет білдірген РФММ оқушылары қабылдау емтихандарын тапсыру үшін 20 ақпанға дейін сынып жетекшісі арқылы 215 кабинетте жазылу қажет.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар және электронды пошталар арқылы хабарласуға болады:
тел. +7(701)947-65-55, e-mail:alimzhan.amanov@gmail.com
тел. +7(771)408-81-03, e-mail:askar.akshabayev@gmail.com
сайт: http://acm.kbtu.kz
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…
РФММ-нің оқушылары мен ұстаздары «Шал» фильмін тамашалады
РФММ-нің жоғары сынып оқушылары, мұғалімдері және бірқатар ата-аналар Алматы қаласында өткен «Шал» қазақ көркем фильмінің арнайы көрсетіліміне қатысып, мазмұны терең, тағылымы мол кездесуге…
Young Researchers Tournament
2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі базасында Young Researchers Tournament (YRT) — Жас зерттеушілер турнирі өтеді. YRT — оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін, эксперименттік ізденісін және…
Республикалық физика-математика мектебіне Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді.
Республикалық физика-математика мектебіне Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді. Мектеп басшылығымен өткен кездесуде алдағы ынтымақтастықтың…
«Зерде» республикалық конкурсында Орынғали Батыржан II орын иеленді
28–31 қаңтар күндері Щучинск қаласында «Зерде» XXI Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып…
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…
ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026 …
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…