РФММ туған күнін тойлауға арналған іс-шаралар
Мектебіміздің туған күнін тойлауға арналған іс-шараларға толы апта аяқталды. Бір апта бойы оқушылар, сынып жетекшілер және ата-аналар іс-шараларға белсенді қатысып, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайтындықтарын көрсетті.
16 қазан күні РФММ-нің 50 жылдығы бойынша ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы және мектептің туған күніне арналған салтанатты іс-шара өткен болатын. Іс-шараға ардагер-ұстаздар, директорлар кеңесінің мүшелері, мектеп түлектері мен ұжымы шақырылды.
Бұл күні ардагер-ұстаздарымыз үшін мектептің жаңа ғимараты бойынша арнайы тур ұйымдастырылды. Ардагер-ұстаздарымыз жаңа мектеп ғимаратының әдемі кейіпін көруге қуанышты болғандарын жасырмады. Олар мектептің жаңа кабинеттерін, спорт залдарын ерекше ықыласпен қарап шықты.
Мерекенің барлық қонақтары мектеп туралы жылы естеліктерімен бөлісті, естелік суреттерге түсіп, концерт тамашалады.
Біз өз кезегімізде тағы бір аптаны – ӘБЖ аптасын бастауға қуаныштымыз.
Оқушыларға жеңіл тапсырмалар мен жоғары бағалар тілейміз! Сәттілік!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
РФММ ОҚУШЫСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
4–15 қазан Албанияның Дуррес қаласында классикалық шахматтан 14, 16 және 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында өткен әлем чемпионатында РФММ оқушысы топ…
РФММ мұғалімі «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды
Астанада Білім басқармасының ұйымдастыруымен QAZAQSTAN орталық концерт залында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты мерекелік концерт өтті. Іс-шараға елорданың 3…
РФММ мұғалімі Мемлекет басшысының марапатына ие болды
«РФММ» КеАҚ-ның Алматы қ. филиалының ардагер ұстазы Жәмішева Сәуле Абрашевна ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісін алды. Сәуле…
Fizmat оқушысы әлемдік чарттарды бағындыруда
Fizmat оқушысы дүниежүзілік музыка аренасында сенсация жасады. Бар-жоғы 11-сыныпта оқып жүрген ол өзінің «SLAVA FUNK» атты трегі арқылы әлемдік хиттің авторы атанды. Бүгінде…
Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу
✅ Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударды. Президент атап өткендей, экономиканы жан-жақты жаңғырту ең алдымен адам капиталын…
РФМШ Алматы оқушыларына арналған олимпиадалық резервке іріктеу
Математика Өткізу күні: сенбі, 2025 жылғы 6 қыркүйек Сыныптар: 7–8 сыныптар Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/tenDE6YcQYabwDxY6 Өткізу уақыты: 09:00–13:00 Өткізу орны: Жаңа корпустың акт залы…
РФММ мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды
РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Темірлан Қайратұлы Сатылхановқа білім беру саласындағы жетістіктері мен…
Ұстаздардың тамыз конференциясы – 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысты. Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен өтті. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңға…
РФММ — чемпиондар мектебі: Алматы РФММ – әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды!
2025 жылғы 2-6 тамызда АҚШ-тың Александрия қаласында мектеп командалары арасында шахматтан Әлем чемпионаты өтті. Чемпионаттың басты ерекшелігі — әр команда бір мектептің оқушыларынан…
Қазақстан командасы IYPT 2025-те
Республикалық физика-математика мектебінің (РФМШ) базасында дайындалған Қазақстан командасы, 29 маусымнан 6 шілдеге дейін Швецияның Лунд қаласында өткен Халықаралық жас физиктер турниріне (IYPT) қатысқанын…







