Оқушылардың физика пәні бойынша Мәскеу олимпиадасының бірінші туры
2019 жылдың 10 ақпанында Алматы РФММ негізінде (Бұхар жырау, 36) Оқушылардың физика пәні бойынша Мәскеу олимпиадасының (бұдан әрі – МО) бірінші туры өтеді.
7-10 сынып оқушыларына арналған физика пәні бойынша Мәскеу олимпиадасының бірінші туры іріктеу кезеңіне жатады, оған қатысуға ниет білдірген барлық оқушылар шақырылады.
Олимпиада 10 ақпанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 10.00, Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де 101, 103, 105, 107, 109 кабинеттерде басталады.
Олимпиадаға қатысу үшін reg.olimpiada.ru сайтында жеке кабинетте тіркелу керек және тапсырмаларды орындау үшін арнайы бланкті баспаға шығару қажет. Бланктерді баспаға шығарған кезде олардың пішінін өзгертуге болмайды, олардың мөлшері нақты (1:1 масштабында) болуы тиіс. Осылай болмаған жағдайда, сканерден өткізілген жұмыстарды қатысушылардың жеке кабинеттерінде орналастыруда қиындықтар туындайды.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Әлемдік білімге бастар жол
Advanced Placement (AP) — әлемнің үздік университеттеріне жетелейтін жол Advanced Placement (AP) бағдарламасы – 10–11-сынып оқушыларына пәндерді тереңдетіп оқуға және әлемнің жетекші жоғары…
РФММ оқушылары Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасының жүлдегері атанды
2025 жылы 27 қазан–1 қараша аралығында Жезқазған қаласында 9–11(12) сынып оқушыларына арналған Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасы өтті. Алматы қаласындағы РФММ оқушылары олимпиадаға…
Халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) олимпиадасы өтті
30–31 қазан күндері Алматы қаласындағы РФММ базасында жасанды интеллект саласындағы ең ірі оқушылар командалық жарысы – Халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) олимпиадасының…
РФММ ОҚУШЫСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
4–15 қазан Албанияның Дуррес қаласында классикалық шахматтан 14, 16 және 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында өткен әлем чемпионатында РФММ оқушысы топ…
РФММ мұғалімі «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды
Астанада Білім басқармасының ұйымдастыруымен QAZAQSTAN орталық концерт залында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты мерекелік концерт өтті. Іс-шараға елорданың 3…
РФММ мұғалімі Мемлекет басшысының марапатына ие болды
«РФММ» КеАҚ-ның Алматы қ. филиалының ардагер ұстазы Жәмішева Сәуле Абрашевна ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісін алды. Сәуле…
Fizmat оқушысы әлемдік чарттарды бағындыруда
Fizmat оқушысы дүниежүзілік музыка аренасында сенсация жасады. Бар-жоғы 11-сыныпта оқып жүрген ол өзінің «SLAVA FUNK» атты трегі арқылы әлемдік хиттің авторы атанды. Бүгінде…
Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу
✅ Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударды. Президент атап өткендей, экономиканы жан-жақты жаңғырту ең алдымен адам капиталын…
РФМШ Алматы оқушыларына арналған олимпиадалық резервке іріктеу
Математика Өткізу күні: сенбі, 2025 жылғы 6 қыркүйек Сыныптар: 7–8 сыныптар Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/tenDE6YcQYabwDxY6 Өткізу уақыты: 09:00–13:00 Өткізу орны: Жаңа корпустың акт залы…
РФММ мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды
РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Темірлан Қайратұлы Сатылхановқа білім беру саласындағы жетістіктері мен…