Математика, физика және информатика пәндері бойынша ХIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
ХЖО-2018 туралы бірінші ақпараттық хабарлама
Құрметті достар!
«Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Дарын» РҒПО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен елдердің арасындағы қарым-қатынасты дамыту, ғылыми білімдерді насихаттау және физика-математика мектептері арасында байланыстарды нығайту мақсатында Математика, физика және информатика пәндері бойынша ХIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізеді.
Олимпиада 2018 жылдың 10 қаңтарынан бастап 16 қаңтарын қоса алған мерзімге дейін Алматы қ. (Қазақстан Республикасы) өтеді. Қазақстанның және шет елдердің мамандандырылған физика-математика мектептерінен, лицейлерінен, гимназияларынан және мамандандырылған сыныптары бар мектептерден мектеп командалары шақырылады. Әр команданың құрамына келесі 7 қатысушы: математикадан 3 қатысушы, физикадан 2 қатысушы, информатикадан 2 қатысушы және олимпиаданың ресми үш тілінің: қазақ, орыс немесе ағылшын тілінің бірін меңгерген 1-2 жетекші (физик, математик, информатик) кіруі қажет. Толық емес құрамдағы мектеп командаларына қатысуға жол беріледі. Олимпиадаға бір елден бірнеше мектеп командасы қатыса алады. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті бір елдің немесе қаланың атынан қатысатын мектеп командаларының санын шектеу құқығын өзіне қалдырады.
Олимпиаданың қорытындылары әрбір пән бойынша жеке есепте есептеледі. Қатысушылардың жеке нәтижелері бойынша команданың рейтингі анықталады. Үздік мектептер дипломдармен және бағалы жүлделермен марапатталады.
Әрбір қатысушыдан және команда жетекшісінен қатысу үшін ұйымдастырушылық жарна 100 АҚШ долларын құрайды; қатысушылардың Алматы қаласындағы тұруы және тамақтануы бойынша барлық шығыстарды олимпиаданың ұйымдастырушылары төлейді. Екі жаққа жүрудің жолақысы жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.
Өтінімдерді ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына (қоса берілген кестені толтырып) келесі мерзімдерде жолдауды сұраймыз: визалық тәртібі бар елдер үшін 2017 жылдың 20 желтоқсанына дейін және визалық тәртібі жоқ елдер үшін 2017 жылдың 28 желтоқсанына дейін.
Олимпиаданың алдын ала бағдарламасы:
10.01 – кіру күні. Қатысушыларды тіркеу.
11.01 – 14:00 дейін кіру.
16:00 — Олимпиаданың салтанатты ашылуы.
12.01 – олимпиаданың 1 туры.
13.01 – олимпиаданың 2 туры.
14.01 – үйлестіру.
15.01 – 16:00 — олимпиаданың жабылу салтанаты.
16.01 – кету күні.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Бұхар жырау бульвары, 36, «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Tел/факс: +7-727-395-01-77, тел. +7-727-395-01-85, +7-727-395-01-83.
Мектептің сайты: www.fizmat.kz
Олимпиаданың сайты: www.izho.kz
E-mail: fizmatschool1972@gmail.com.
Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…
РФММ-нің оқушылары мен ұстаздары «Шал» фильмін тамашалады
РФММ-нің жоғары сынып оқушылары, мұғалімдері және бірқатар ата-аналар Алматы қаласында өткен «Шал» қазақ көркем фильмінің арнайы көрсетіліміне қатысып, мазмұны терең, тағылымы мол кездесуге…
Young Researchers Tournament
2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі базасында Young Researchers Tournament (YRT) — Жас зерттеушілер турнирі өтеді. YRT — оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін, эксперименттік ізденісін және…
Республикалық физика-математика мектебіне Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді.
Республикалық физика-математика мектебіне Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді. Мектеп басшылығымен өткен кездесуде алдағы ынтымақтастықтың…
«Зерде» республикалық конкурсында Орынғали Батыржан II орын иеленді
28–31 қаңтар күндері Щучинск қаласында «Зерде» XXI Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып…
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…
ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026 …
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…