KzYPT 2026 — Қазақстанның Ұлттық іріктеуі
Құрметті оқушылар мен ата-аналар!
Сіздерді Жас физиктердің халықаралық турниріне (IYPT) 2026 Қазақстанның Ұлттық іріктеуіне қатысуға шақырамыз! Бұл — физика саласындағы білімдеріңізді көрсетіп, Швейцариядағы халықаралық аренада Қазақстан атынан өкілдік ету құқығын жеңіп алудың ерекше мүмкіндігі!
Шара туралы мәлімет
- Күні: 2026 жылдың 4–5 сәуірі
- Өткізу орны: Алматы қ., РФММ (Республикалық физика-математика мектебі)
- Форматы: физика бойынша командалық турнир
Тіркелу
Қатысу үшін командаңызды төмендегі сілтеме арқылы тіркеңіз:
Толық ақпарат сайтта:
❗ Финалистерге маңызды ақпарат
Ұлттық іріктеуден өтіп, Швейцариядағы IYPT 2026 халықаралық турниріне қатысу құқығын иеленген командалар мынаны ескеруі қажет:
Халықаралық финалға қатысушылардың ұшу жолы, тұру және тамақтану шығындары толығымен қатысушылардың өз есебінен жүзеге асырылады.
Ата-аналар мен қатысушылардан іріктеу турниріне қатысуды жоспарлаған кезде сапар шығындарын алдын ала ескерулерің сұраймыз.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
IYPT 2026 турнирінде Қазақстан атынан өкілдік ет!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасы
Құрметті РФММ оқушылары! Қазақстан Республикасының Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасы (IOAA) құрамасының резервіне іріктеу жарияланады. Іріктеуге физика, математика және астрономия пәндері бойынша жоғары…
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…
РФММ-нің оқушылары мен ұстаздары «Шал» фильмін тамашалады
РФММ-нің жоғары сынып оқушылары, мұғалімдері және бірқатар ата-аналар Алматы қаласында өткен «Шал» қазақ көркем фильмінің арнайы көрсетіліміне қатысып, мазмұны терең, тағылымы мол кездесуге…
Young Researchers Tournament
2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі базасында Young Researchers Tournament (YRT) — Жас зерттеушілер турнирі өтеді. YRT — оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін, эксперименттік ізденісін және…
Республикалық физика-математика мектебіне Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді.
Республикалық физика-математика мектебіне Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді. Мектеп басшылығымен өткен кездесуде алдағы ынтымақтастықтың…
«Зерде» республикалық конкурсында Орынғали Батыржан II орын иеленді
28–31 қаңтар күндері Щучинск қаласында «Зерде» XXI Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып…
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…
ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026 …
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…