ХVIII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
2022 жылы 16-23 ақпан аралығында Алматы қаласында РФММ 50 жылдық мерейтойын тойлау аясында «Республикалық физика-математика мектебі» базасында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVIII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Олимпиаданың бірегейлігі дәстүрлі түрде физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектептер арасында бірден үш пән бойынша өткізілетіндігінде.
Биыл дәстүрлі олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Болгария, Грузия, Индонезия, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина, Норвегия, Үндістан, Түркия, сондай-ақ Вьетнам сияқты әлемнің 21 елінен 1200-ге жуық оқушы, 146 команда қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Нұрлан Қаппаров, Адлет Имамбеков және Илья Сегалович атындағы арнайы сыйлықақылар табыс етілді.
Нұрлан Каппаров атындағы сыйлықақыны ХЖО-2022 математикадан абсолютті чемпионы, Украина командасының мүшесі, «Kharkiv Junior Karazin University»оқушысы — Ihor Pylaiev алды. Адлет Имамбеков атындағы сыйлықақыны ХЖО-2022 физикадан абсолютті чемпионы, Ресей командасының мүшесі, Долгопрудный қ. П. Л. Капицы атындағы «Физтех-лицейдің» оқушысы — Вадим Ерин алды. Ал Илья Сегалович атындағы сыйлықақы ХЖО-2022 информатика бойынша абсолютті чемпионы, Ресей командасының мүшесі, Новосібір қаласындағы «Горностай» ББО оқушысы — Нагибин Всеволодқа бұйырды.
Олимпиадаға қатысқан әр қатысушыны және әр команданы құттықтаймыз және жақсы командалық жұмыс үшін алғыс айтамыз. Бұл өмірлеріңіздің соңына дейін сіздермен бірге болатын тәжірибе. Сіздер дайындық пен кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, олимпиадада өз мектептеріңізді лайықты түрде көрсеттіңіздер.
Келесі ХЖО-да кездескенше!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….
FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…
Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда
Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….
РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады
Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…
РФММ мұғалімі мемлекеттік марапатқа ие болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және оларды дайындаған жаттықтырушы-педагогтермен кездесті. Кездесу барысында үздік ұстаздарға мемлекеттік марапаттар табысталды. Ақордада өткен кездесуге шақырылған…