«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «РФММ» КеАҚ-ға 5 000 000 теңге мөлшерінде қаржылай қолдау көрсетті

2018 ж. 5 шілдесінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Алматы қ. орналасқан Республикалық физика-математика мектебінің бір филиалына компьютерлік жабдықтарды сатып алуда қаржылай қолдау көрсетіп, «Fizmat Endowment Fund» (Физмат Эндаумент Қоры) ҚҚ-ның ресми серіктесіне айналды.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ міндеті 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспары және «Қазақстан – 2050» стратегиясы қойған мақсаттарға жету және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған міндеттерді шешу, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсаттарында экономиканың басым секторларына қолдау көрсету мен қаржыландыру арқылы Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық және инновациялық дамуына үлес қосу. Бұл ХХI ғасырдың отыз көшбасшы елінің қатарына кіру туралы қазақстандық арманның орындалуына жол ашады. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесін дамытуға үлесін қосады және Қазақстанның білім беру мекемелерін осылайша ынталандыру адам әлеуетінің сапасын арттыру мақсатында елдің болашағына стратегиялық маңызды инвестициялардың бірі болып табылады. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметі туралы толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз: https://www.baiterek.gov.kz/kk/kholding-turaly.
РФММ басты мақсаты елдің зияткерлік бетке ұстар негізін қалыптастыру, қазақстанның барлық өңірлерінен дарынды балаларды анықтау және одан әрі дамыту болып табылады. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін «РФММ» КеАҚ-да «Fizmat Endowment Fund» (Физмат Эндаумент Қоры) қоғамдық қоры бар, ол 2017 жылдың 13 сәуірінде құрылды. «РФММ» КеАҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Берік Қаниевтың сөзі бойынша аталған қор өзінің мақсатты капиталын құрады. Қазіргі уақытта Ресми серіктестерді тарту жолымен Физмат Эндаумент қоры мектептің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жасап отыр, оның үздік ұстаздарды тартуға, РФММ-де оқу үшін дарынды балаларға стипендиялар беруге және мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартуға мүмкіндігі бар.
Ресми серіктестік – Физмат Эндаумент қорымен ынтымақтастықты жасаудың оңтайлы түрі. Қордың капиталына мақсатты және мақсатты емес жарналар жасау арқылы ниет білдірген әрбір тұлға ресми серіктес ретінде оның қызметіне жалпы қолдау, сондай-ақ белгілі бір жобаларға және қайырымдылық іс-шараларына қолдау көрсете алады.
Физмат Эндаумент қорымен ынтымақтастықты жасай отыру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру шеңберінде әрбір ерікті салымшының келесі артықшылықтары пайда болады:
— Қордың сайтында «Ресми серіктес» мәртебесі;
— Қордың сайтында «Жаңалықтар» тарауында ынтымақтастық туралы ақпарат;
— өзінің жарнамалық іс-шараларында Қордың таңбасын пайдалану құқығы;
— Қор сайтының басты бетінде серіктестің таңбасын орналастару;
— салынған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау мүмкіндігі.
Басқа сөзбен айтқанда, қордың ресми серіктесінде салынған салымдардың жүзеге асырылуы және қандай мақсаттарға бөлінуі жөніндегі есептік құжаттаманы қадағалау мүмкіндігі бар, себебі қор өз қызметін ашық жүргізеді және тұрақты түрде есептік ақпаратты Физмат Эндаумент қорының ресми сайтында жариялайды.
Жалпы алғанда әлемдік практикада білім беру саласына енгізілген салымдар елдің табысты дамуына әсер еткені туралы көптеген мысалдар бар, себебі адам капиталының дамуына салынған салымдар тұлғаға өзінің орнын табысты табуға, жұмысын, ісін жүргізуге, жан-ұясын өсіруге мүмкіндік беретін мемлекеттің тұрақты болашағына сенім береді. Жаһандану үрдісі дамуының қазіргі заманғы кезеңі ғылыми-технологиялық үрдістің дамуы және әлемдік экономиканың өнеркәсіптен кейінгі даму сатысына өтуі аясында орын алып отыр, бұл біздің еліміздің дамуындағы өзіндік мақсат болып табылады. РФММ қызметі өз кезегінде жаһандану талаптарына сәйкес келеді, соның ішінде инновациялық технологияларды оқудың білім беру бағдарламаларын, бағдарламалау тілін, информатиканы және т.б. меңгеру кіреді.
«РФММ» КеАҚ басшылығы білім беруді дамытуға қосқан құнды үлесі үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға өзінің шынайы алғысын білдіреді және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…
РФММ-нің оқушылары мен ұстаздары «Шал» фильмін тамашалады
РФММ-нің жоғары сынып оқушылары, мұғалімдері және бірқатар ата-аналар Алматы қаласында өткен «Шал» қазақ көркем фильмінің арнайы көрсетіліміне қатысып, мазмұны терең, тағылымы мол кездесуге…
Young Researchers Tournament
2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі базасында Young Researchers Tournament (YRT) — Жас зерттеушілер турнирі өтеді. YRT — оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін, эксперименттік ізденісін және…
Республикалық физика-математика мектебіне Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді.
Республикалық физика-математика мектебіне Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді. Мектеп басшылығымен өткен кездесуде алдағы ынтымақтастықтың…
«Зерде» республикалық конкурсында Орынғали Батыржан II орын иеленді
28–31 қаңтар күндері Щучинск қаласында «Зерде» XXI Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып…
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…
ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026 …
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…