АЛМАТЫ РФММ ТҮЛЕКТЕРІНЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Міне, 2021-2022 оқу жылының да мәрелі сызығына жеттік. 25 мамырда Алматы РФММ-нің 180 түлегі Соңғы қоңырау салтанатты жиынында балалықпен, алтын ұя мектебімен қоштасты. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі қалатыны анық.
Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шара биыл дәстүрлі форматта өтті. Мерекелік жиынға барлық сыныптар, ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Шараның басты кейіпкерлерін мектеп қауымдастығы жұлдызды шеруде қарсы алып, әрқайсысының жетістіктерін еске түсірді. Түлектерге РФММ Қамқоршылық кеңесінің мүшелері Наурузбаев Максат Сабырұлы және Оспанов Бахыт Насрадинұлы, мектеп директорының міндетін атқарушы Ордабаев Алмас Еркінұлы жылы лебіздерін білдіріп, сәт сапар тіледі.
Балаларымен бірге ата-аналар да қобалжу мен қуаныш сезімдеріне бөленді. Бітіруші түлектердің ата-аналары атынан құттықтау сөздері айтылды.
Жыл қорытындысы бойынша мектебіміздің үздік ұстаздары, жаттықтырушы және тәрбиешілері Директорлар кеңесінің төрағасы Каниев Берік Сералыұлының атынан алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттарға ие болды.
Дәстүр бойынша соңғы қоңырау соғылып, түлектер өз ізбасарларына білім кілтін табыстады. Шара соңында бүгінгі күннің басты кейіпкерлері бір-біріне деген қимастық сезімдерін жеткізді.
«Республикалық физика-математика мектебі» табалдырығынан үлкен өмірге бүгін 180 түлек жолдама алды: 180 арман, 180 үміт, осынша сенім мен осынша тағдыр! Еліміздегі мыңдаған мектептерден мыңдаған түлектердің ұшып шыққанын ескерсек, ересектер қатары осынша адамға, осынша күшке толықты! Қанаттарың талмасын, жас түлектер!
Соңғы қоңырау салтанатынан суреттерді сілтеме бойынша көре аласыздар https://drive.google.com/drive/folders/1fQJmVRlhFjZCAQZiCbxQe6m4y-1f4mJ2
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Маңызды ақпарат
«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ Алматы филиалының 8-сыныбына арналған білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу 2025 жылғы 11 маусымда ұйымдастырылды. ️ 2025 жылғы…
ХАБАРЛАНДЫРУ
Республикалық физика-математика мектебіне 8-сыныпқа қабылдау емтиханы 2025 жылғы 11 маусымда өтеді. Қабылдау емтиханы Астана, Алматы және Орал қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалдарында ұйымдастырылады. Рұқсатнама барлық үміткердің тіркелген кезде көрсеткен электрондық…
Естеліктерге толы ерекше кеш
31 мамыр күні мектебіміздің қабырғасында мектептің әр жылдардағы 500-ге жуық мерейтойлық түлектері бас қосып, мектептегі естеліктерін, аяулы ұстаздары мен жанға жақын сыныптастарын еске…
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі – еліміздегі ең үздік олимпиадалық мектеп атанды.
2024–2025 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде Алматы Республикалық физика-математика мектебі (Алматы РФММ) 76 ұпаймен республикалық рейтингте…
TasIMO-2025: Жаңа жеңістерге жол ашқан Ташкент!
2025 жылғы 18–20 мамыр аралығында Ташкент қаласында 48 ел мен Өзбекстанның 14 өңірінен келген 850-ден астам қатысушыны біріктірген TasIMO-2025 халықаралық олимпиадасы өтті. Алматы…
“Мектебім, саған мың алғыс”
Бүгін Алматы қаласындағы РФММ-де 11-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылып, “Мектебім, саған мың алғыс” атты салтанатты жиын өтті. Жас түлектерімізді бала шақтан болашаққа…
«Мектеп мақтанышы – 2025»
23 мамыр күні РФММ-де жыл сайынғы игі дәстүрге айналған «Білімім – Отанымa!» атты салтанатты жиыны өтті. Оның барысында үздік оқушыларға мектебіміздің ең беделді…
«IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасы
2025 жылғы 17 мамыр күні «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен алғаш рет «IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасы өтті. Білім беру саласындағы маңызды жаңа жобаны…
Ескірмейтін естеліктер кеші…
Құрметті РФММ түлектері! Сағынышпен әрі ілтипатпен балалықтың бастауы болған алтын ұя мектебімізге — есер шақтың қызықтарын еске алу үшін кездесуге шақырамыз. 2025 жылғы…
«Science. Technology. Algorithmization. Programming» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының нәтижелері
2025 жылы 25–26 сәуірде «Science. Technology. Algorithmization. Programming» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы онлайн форматта сәтті өтті! 375 оқушы тіркеліп, 12 секция бойынша…