Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
23
Jan
19

Алматы РФММ-де LVIII шығыс физика-математика пәндері бойынша олимпиада



 Алматы РФММ-де* 8-11 сынып оқушылары үшін Мәскеу физика-математика институтының (мемлекеттік университет) LVIII шығыс физика-математика пәндері бойынша МФТИ олимпиадасы өтеді.

28 қаңтарда – Математика пәні бойынша олимпиада, басталуы сағат 14:30
Кабинеттер: № 201, 205, 206, 213, 216, 223
29 қаңтарда – Физика пәні бойынша олимпиада, басталуы сағат 14:30
Кабинеттер: № 205, 207, 209, 210, 222, 223

Тіркелу abitu.net/event/3391/event сайты арқылы жүргізіледі (№165 лицейде тіркелген РФММ оқушылары олимпиаданы РФММ-де жазады).

Шығыс физика-математика олимпиадасы 2019 жылдың «Физтех» олимпиадасының іріктеу кезеңдерінің бірі болып табылады. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 9-11 сынып оқушылары «Физтех» олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысу құқығын иеленеді, қорытынды кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қабылдау кезінде келесі ерекше құқықтарға ие болады: оқушылар олимпиадасының бейініне сәйкес келетін дайындық бағыттары,мамандықтары бойынша қабылдау сынақтарынан өтпейді; оқушылар олимпиадасының бейініне сәйкес келетін пән бойынша ЕГЭ (Бірыңғай мемлекеттік емтиханынан) 100 ұпай алуға құқылы.

Әрбір жоғары оқу орны әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ереше құқықтардың қайсысын ұсынатындығын анықтайды, сондай-ақ олимпиада бейінінің дайындық бағыттарына және мамандықтарға сәйкестігін белгілейді.

Оқушылардың тиісті пән бойынша белгіленген деңгейден төмен болмайтын ЕГЭ (Бірыңғай мемлекеттік емтихан) нәтижелері бар болған жағдайда, олар соңғы 4 жыл ішінде олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған жағдайда ғана ерекше құқықты қолдана алады. Жоғары білім беру ұйымдары өз бетімен кемінде 75 ұпай мөлшерінде, көрсетілген ұпай санын белгілейді.

Есептелетін олимпиадалар және 2019 жылы МФТИ-ге түсу кезінде ұсынылатын ерекше құқықтар туралы толығырақ ақпарат МФТИ қабылдау комиссиясының ресми бетінде жарияланған.

Қорытынды кезеңге қатысу үшін бөлек тіркелу қажеттілігіне назар аударыңыз, бұл тіркеу олимпиадаға бір апта қалғанда аяқталады. Толығырақ ақпаратты olymp.mipt.ru сайтынан таба аласыз.

Сондай-ақ Шығыс олимпиадасы МФТИ талапкерлерінің кадастрына ұпайлар береді және МФТИ-ге түскен кезде жеке жетістіктер үшін ұпайлар қоса алады.

Шығыс олимпиадасына 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Төменгі сынып оқушылары 8 сыныптың тапсырмаларын орындауы мүмкін

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    05
    Feb
    26

    7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!

    Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…

      04
      Feb
      26

      РФММ-нің оқушылары мен ұстаздары «Шал» фильмін тамашалады

      РФММ-нің жоғары сынып оқушылары, мұғалімдері және бірқатар ата-аналар Алматы қаласында өткен «Шал» қазақ көркем фильмінің арнайы көрсетіліміне қатысып, мазмұны терең, тағылымы мол кездесуге…

        04
        Feb
        26

        Young Researchers Tournament

        2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі базасында Young Researchers Tournament (YRT) — Жас зерттеушілер турнирі өтеді. YRT — оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін, эксперименттік ізденісін және…

          03
          Feb
          26

          Республикалық физика-математика мектебіне Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді.

          Республикалық физика-математика мектебіне Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді. Мектеп басшылығымен өткен кездесуде алдағы ынтымақтастықтың…

            02
            Feb
            26

            «Зерде» республикалық конкурсында Орынғали Батыржан II орын иеленді

            28–31 қаңтар күндері Щучинск қаласында «Зерде» XXI Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып…

              31
              Jan
              26

              Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция

              Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…

                30
                Jan
                26

                ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері

                Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026  …

                  15
                  Jan
                  26

                  XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026

                  Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…

                    14
                    Jan
                    26

                    FIZMAT Education Fair – 2026

                    Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…

                      10
                      Jan
                      26

                      Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу

                      Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…