Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
30
Oct
26

FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды



Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Firmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне жетті.
Биыл олимпиаданың финалдық кезеңіне әлемнің 15 елінен 118 оқушы қатысты. Ал іріктеу кезеңінде 28 елдің 125-тен астам қаласынан шамамен 1 500 мектеп оқушысы бақ сынады. Іріктеу нәтижесінде 49 команда финалға жолдама алған болатын. Финалда барлығы 47 команда бақ сынады.

Халықаралық жарысқа Армения, Беларусь, Испания, Италия, Қазақстан, Кипр, Қырғызстан, Марокко, Моңғолия, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Таиланд, Түрікменстан және Филиппин елдерінің оқушылары қатысты.

FAIO биыл үшінші рет ұйымдастырылды. 2024 жылы тек Қазақстан оқушылары қатысқан олимпиада бүгінде халықаралық деңгейге шықты. Оның басты ерекшелігі – мектеп оқушылары арасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бағыттарын қамтитын командалық форматта өткізілуі. Бірден үш адамға дейінгі командалар программалау, деректерді талдау және математика бойынша тапсырмалар орындады. Олимпиадаға қатысу үшін машиналық оқыту саласында алдын ала тәжірибенің болуы міндетті емес. Қажетті теориялық материалдар қатысушыларға тапсырмалармен бірге ұсынылады.

Финалдық кезең бес сағатқа созылған екі турдан тұрды.

FAIO 2026 жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Гран-при – Ресей командасы;

I орын – 3 команда (Ресей);

II орын – 8 команда (Қазақстан, Ресей, Таиланд, Кипр);

III орын – 12 команда (Қазақстан, Румыния, Ресей, Испания, Моңғолия).

Жүлделі орындарға барлығы 23 команда ие болды. Олимпиаданың жалпы жүлде қоры 11 миллион теңгені құрады.

Олимпиаданың ұйымдастырушылары мен серіктестері

Жобаны өткізуге ірі технологиялық, қаржылық және білім беру ұйымдары қолдау көрсетті. activ 5G – телекоммуникациялық серіктес, Freedom Holding Corp. – технологиялық серіктес, ANSA Qory – инновациялар жөніндегі серіктес, Halyk – импакт-серіктес ретінде қатысты.

Сондай-ақ олимпиада серіктестері қатарында Mastercard, investbanq, MA7 Ventures, Silkroad Innovation Hub және Marine Health бар.
Әсіресе, Halyk-тің жобаны қолдауының маңызын атап өткен жөн. Қаржы ұйымының білім беру мен жас ұрпақтың дамуына бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуі дарынды оқушылардың ғылыми-техникалық әлеуетін танытуға және халықаралық білім беру жобаларын дамытуға ықпал етеді.

Жобаның ақпараттық қолдауын Grants.kz, AICA, NARIKBI LIVE, stanbase, THE TECH, iCreator studio, ORA, Jibek Joly және berneiz медиа-серіктестері қамтамасыз етті.

Олимпиаданың халықаралық деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен барлық серіктестерге алғыс білдіреміз. Олардың атсалысуы жобаның ауқымын кеңейтіп, дарынды оқушылардың әлеуетін ашуға және жасанды интеллект саласындағы білім беру бастамаларын дамытуға мүмкіндік берді.

Олимпиаданың халықаралық деңгейде өткізілуі Қазақстан оқушыларына шетелдік құрдастарымен білім сайысына түсіп, өз мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды. FAIO жасанды интеллект саласындағы мектеп оқушыларына арналған халықаралық зияткерлік жарыс ретінде дамып келеді.

Олимпиаданы өткізуге қолдау білдірген барлық серіктестерге алғыс білдіреміз!

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    27
    Oct
    26

    Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда

    Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….

      27
      Oct
      26

      РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады

      Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…

        15
        Oct
        26

        Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды

        Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…

          14
          Oct
          26

          Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді. ​

          2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…

            18
            Sep
            26

            FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD

            FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….

              29
              Aug
              26

              Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік

              Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…

                24
                Aug
                26

                РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты

                Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…

                  24
                  Aug
                  26

                  РФММ мұғалімі мемлекеттік марапатқа ие болды

                  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және оларды дайындаған жаттықтырушы-педагогтермен кездесті. Кездесу барысында үздік ұстаздарға мемлекеттік марапаттар табысталды. Ақордада өткен кездесуге шақырылған…

                    13
                    Jul
                    26

                    ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

                    Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті. Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу…

                      24
                      Jun
                      26

                      ХАБАРЛАНДЫРУ!

                      Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….