Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
31
Mar
26

Алматы РФММ тренері бағдарламалаудан халықаралық чемпионаттың жүлдегері атанды



Алматы қаласындағы РФММ-нің информатика пәні бойынша жаттықтырушысы Қуанышбай Айбар спорттық бағдарламалау бойынша Central Asia Programming Championship 2026 халықаралық чемпионатында II орын иеленді.

Жарыс Шымкент қаласында өткен Digital Qazaqstan 2026 форумы аясында ұйымдастырылып, өңірдегі ең ірі IT-іс-шаралардың біріне айналды. Чемпионат Орталық Азия елдерінің дарынды бағдарламашыларын біріктіріп, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан 20 жастан асқан ең мықты қатысушылардың басын қосты.

Турнир барысында қатысушылар шектеулі уақыт ішінде күрделі алгоритмдік есептерді шешіп, ойлау жылдамдығын, дәлдігін және тосын шешім қабылдай білу қабілетін көрсетті.

Қуанышбай Айбарды жоғары нәтижесімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған жаңа жеңістер, жарқын жетістіктер және спорттық бағдарламалауды дамыту жолында толағай табыс тілейміз!

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    18
    May
    26

    7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат

    2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….

      16
      May
      26

      7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат

      2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…

        12
        May
        26

        РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Балқан математика олимпиадасының қола жүлдегері атанды

        Алматы қаласы РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Грекияның Салоники қаласында өткен 43-ші Халықаралық Балқан математика олимпиадасында (BMO-2026) қола жүлдегер атанды. BMO – аймақтағы ең…

          05
          May
          26

          FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыіыз!

          Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және одан жоғары…

            24
            Apr
            26

            Хабарландыру

            Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында…

              23
              Apr
              26

              Қабылдау емтиханы туралы ақпарат

              Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…

                04
                Apr
                26

                Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті

                Қазақстан математиктерінің Тұңғыш конгресі өтті! Шымкент қаласы еліміздің ең үздік математиктері мен ғалымдарының басын қосқан ғылым орталығына айналды. Бұл ауқымды шара — отандық…

                  31
                  Mar
                  26

                  Астанада АТМО және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары өтті

                  Астана қаласында халықаралық математикалық олимпиадалар — XXXVIII Азия–Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы (АТМО) және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы өтті. АТМО қорытындысы бойынша Республикалық…

                    31
                    Mar
                    26

                    «Математикалық регата — 2026»: РФММ командасы I орын иеленді

                    2026 жылы өткен «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша «РФММ» командасы үздік нәтиже көрсетіп, I орынды иеленді. Аталған беделді білім додасына «Республикалық физика-математика…

                      31
                      Mar
                      26

                      Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетті

                      Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, 1 күміс медаль, 3 қола медаль және 4 мақтау…