Бұл мектеп – мен үшін өмір мектебі…
Мен, Бейсембаева Жаннұр Мелісқызы, Республикалық физика-математика мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Осы мектепте қызмет атқарып келе жатқаныма 25 жыл. Бұл мектеп –мен үшін өмір мектебі, менің қарапайым мұғалімнен бүгінгі педагог-шебер, мектеп тренері дәрежесіне дейінгі өсу жолым осы білім ордасымен тікелей байланысты. Мектеп табалдырығын имене аттаған жас маман – маған бүгінде аты аңызға айналған мектеп ұстаздарының өнегесін алу бақыты әрі дарынды оқушыларға білім беру бақыты бұйырыпты. Мұны мен ештеңеге айырбастамас едім.

Мен тіл маманымын. Мақсатым – есепке жүйрік дүлдүлдерді шешен сөздің майын тамызатын майталмандарға айналдыру. Ел ішінде математиктер сөзге шорқақ, ойын еркін жеткізе алмайды деген стереотип қалыптасқан. Менің ойымша, алынбайтын қамал жоқ. Тек мұғалім «оқушылардың тілінде» сөйлей алса болғаны. Бұл дегеніңіз оқушыға түсінікті, қызықты болатын ресурстарды қолдану дегенді білдіреді. Ғылым мен білімнің терең сырын ашу үшін біз оқушыларға тек жаратылыстану немесе гуманитарлық саланың бірін ғана меңгерумен шектелмеу керек екенін ұғындырғанымыз жөн. Адам ойы мен дүниетанымы тек екеуі бірге үйлескенде ғана шын мәнінде толыққанды дамитынын, оны дамыта түсу үшін софт скилс дағдыларын жетілдіріп, эмоционалды интеллект деңгейді көтеру қажет екендігін түсіндірген абзал. Мысалы оқушыға осы ойымыздың дұрыстығын формула арқылы дәлелдеп көрсек.
Eₖ = (m ϑ²) / 2
Бұл формуланы адамның жеке дамуына, эмоциялық интеллектіге және білімге байланысты қарастырайық:
(Кинетикалық энергия) – адамның өмірдегі жетістігі, потенциалы, қоғамдағы әсері.
(Масса) – адамның жинаған білімі мен тәжірибесі, кәсіби және интеллектуалдық әлеуеті.
(Жылдамдық) – адамның эмоциялық интеллекті (EQ) және soft skills (икемді дағдылар), яғни ортаға бейімделу, қарым-қатынас орнату, шешім қабылдау қабілеті.
Білім () – негіз, бірақ ол қозғалысқа түспесе, яғни тәжірибемен ұштаспаса, адам дамымайды.
Эмоциялық интеллект пен soft skills () – адамның білімін тиімді қолдана алу қабілеті.
Қарапайым сөзбен айтсақ, егер адамның білімі көп, бірақ soft skills төмен болса ( кіші), оның энергиясы төмен болады. Ал егер адам білімді ғана емес, оны дұрыс қолдана білсе, өз эмоциясын басқарып, адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алса, оның жетістігі еселене түседі ( болғандықтан, әсері еселенеді). Яғни оқушыға тілдің мықты қару екенін осылай өз тілінде түсіндірсек, осы арқылы тілді меңгеруге жетелей алсақ, нәтижеге қол жеткізуге болады деп ойлаймын.
Өз басым шығармашылықпен жұмыс жасағанды қатты ұнатамын, оған дарынды балаларды оқытуым себепші болды, себебі дарынды баланы оқыту үшін екі есе дарындылық, ізденіс талап етіледі. Оқушыларымның білімге деген құштарлығы шабытыма шабыт қосты. Оларды қай жаққа бағыттасаң, сол жақты емін-еркін меңгеріп кете алады. Осындай оқушылармен жұмыс жасаудың өзі бір бақыт емес пе?!

Оқушыларым – түрлі республикалық, халықаралық олимпиадалар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары. Оларды байқауға қатыстырудағы мақсатым – бойындағы дарынын ашу, өзіне деген сенімін арттыру. Оқушым жеңіске жетсе, ол менің ғана емес, мектеп мәртебесін де еселеп арттырады. Оқушы жетістігіне қарап әр мұғалім өзін бағалай алады әрі шәкіртінің жеңісінен шабыт алады деп ойлаймын.
Көп жылғы тынымсыз еңбек пен білім беру саласына қосқан үлесімнің нәтижесінде төмендегі марапаттарға ие болдым. Оларды атап айтар болсам:
- «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері»төсбелгісі(2018ж.);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының “Құрмет грамотасы (2020ж.);
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін ҚР БҒМ алғысы (2020 ж.);
- «РФММ-ның жылдың үздік мұғалімі – 2023 ж.»;
- «Мұғалімдердің пәндік құзыреттілігін дамыту» республикалық семинар-курсын ұйымдастыруға белсенді қатысқаны және жоғары көрсеткіштері үшін алғыс хат (2024 ж.);
- «Ы. Алтынсарин» атындағы медаль (2024 ж.);

Бұл жетістік – тек менің ғана емес, мені қолдаған әріптестерім мен шәкірттерімнің де ортақ жеңісі. Осы марапаттардың ішінде мен үшін ең ерекше, ең салмақты марапат – «Ы. Алтынсарин» атындағы медаль болса керек, өйткені Ы.Алтынсариндей өмірін білім беру ісіне арнау – ерлікпен пара-пар деп санаймын.
Шығармашылықпен жұмыс жасағанды, ізденісте жүргенді ұнатамын деп сөз басында айтып кеттім. Бұл ретте «Ұлт тағдыры мен руханиятындағы ұлы дара аруларының рөлін шешендік сөз саптаулары арқылы тану» атты авторлық бағдарламам – менің шығармашылық жұмысымның ең басты жемісі деп ойлаймын. Бұл бағдарлама арқылы ұлтқа қызмет етудің негізін қалыптастыруға болады деп есептеймін. Ал мектеп тренері ретінде мұғалімдерге түрлі тренингтер, семинарлар өткізу арқылы әдістемелік көмек көрсетсем, 2014 жылы құрылған «Жас қанат» драма театры арқылы жас дарындардың шабытын ашып, өнерге, әдебиетке деген махаббатын оята алдым деген ойдамын. Шығармашылық жұмысымының тағы бір жетістігі деп театрдың 10 жылдығын атап өтуге арналған мерекелік кешті айтып өтуіме болады. Талантты оқушылармен бірге биыл бірінші рет ұстаздарымыз да сахна төрінде өнер көрсетіп, көпшілік қошеметіне бөленді. Осындай шығармашылық пен ізденіс жаңа идеяларға, ерекше шешімдер қабылдауға жетелейді.
Ал жаңа идеялар армандаудан туындайды. Тарих сахнасында мәңгілік ел болып қалуымыз үшін ұлттық құндылығымыз – ана тілінің мәртебесі артып, болашақта сөйлеушілер саны жағынан қытай, ағылшын тілдері қатарына қосылса деген арманым – армандардың асылы болар. Ал мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуші ұстаз ретінде оқушыларымды осы арманға жетуге жетелей бермекпін.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Астанада АТМО және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары өтті
Астана қаласында халықаралық математикалық олимпиадалар — XXXVIII Азия–Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы (АТМО) және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы өтті. АТМО қорытындысы бойынша Республикалық…
«Математикалық регата — 2026»: РФММ командасы I орын иеленді
2026 жылы өткен «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша «РФММ» командасы үздік нәтиже көрсетіп, I орынды иеленді. Аталған беделді білім додасына «Республикалық физика-математика…
Алматы РФММ тренері бағдарламалаудан халықаралық чемпионаттың жүлдегері атанды
Алматы қаласындағы РФММ-нің информатика пәні бойынша жаттықтырушысы Қуанышбай Айбар спорттық бағдарламалау бойынша Central Asia Programming Championship 2026 халықаралық чемпионатында II орын иеленді. Жарыс…
Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетті
Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, 1 күміс медаль, 3 қола медаль және 4 мақтау…
«Білім – инновация» лицейлерінде республикалық олимпиада өтті
2026 жылғы 21–25 наурыз аралығында Астана қаласы Білім басқармасының мамандандырылған «Білім – инновация» лицейлері базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндері бойынша Республикалық…
KzYPT 2026 — Қазақстанның Ұлттық іріктеуі
Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Сіздерді Жас физиктердің халықаралық турниріне (IYPT) 2026 Қазақстанның Ұлттық іріктеуіне қатысуға шақырамыз! Бұл — физика саласындағы білімдеріңізді көрсетіп, Швейцариядағы…
Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасы
Құрметті РФММ оқушылары! Қазақстан Республикасының Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасы (IOAA) құрамасының резервіне іріктеу жарияланады. Іріктеуге физика, математика және астрономия пәндері бойынша жоғары…
Қостанайда республикалық пәндік олимпиада мәресіне жетті
19–24 наурыз аралығында Қостанай қаласында 9–11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Бұл – еліміздің барлық өңірінен 310 дарынды оқушыны біріктірген…
Жас математика мұғалімдерінің шығармашылық конкурсы қорытындыланды
2026 жылғы 23 наурызда Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы, Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығы (QMMQ) және Beta High School бірлесіп ұйымдастырған 30…
Астанада 9–11 сынып оқушыларының республикалық зияткерлік додасы өтті
2–6 наурыз аралығында Астана қаласында 9–11 сынып оқушылары арасында экономика және қаржы пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары…