Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
15
Jan
18

Математика, физика және информатика пәндері бойынша XIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аяқталды



2018 жылдың 15 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Математика, физика және информатика пәндері бойынша оқушылардың XIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау және аталған олимпиаданың жабылу салтанаты өтті. Осы жылы олимпиадаға әлемнің келесі 15 елінен 72 команда қатысты: Қазақстан, Ресей, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Болгария, Румыния, Сербия, Түркия, Иран және Индонезия. Сонымен қатар, Ираннан келген команда Халықаралық Жәутіков олимпиадасына алғаш рет қатысты. Осы жылы олимпиадаға қатысушылардың рекордтық саны келді – 482.

Халықаралық Жәутіков олимпиадасының ерекшелігі олимпиаданың қорытындылары бойынша тек жеке рейтинг ғана емес, сондай-ақ ең күшті мамандандырылған мектептердің рейтингі шығарылады. Олимпиаданың қорытындылары бойынша жақын және алыс шетелдің үздік мамандандырылған мектептерінің 7 командасы анықталды.

Командалық есепте Гран-приді №31 физика-математикалық лицейдің командасы,Челябинск қ. (Ресей Федерациясы) жеңіп алды. 1 орынды екінші жыл қатарынан Белград математикалық гимназиясының командасы, Белград қ. (Сербия) алды. 2 орынды №239 физика-математика мектебінің, Санкт-Петербург қ. және №1329 мектебінің, Мәскеу қ. (Ресей Федерациясы) командалары бөліп алды. 3 орынды «Физика-техникалық жоғары мектеп» лицейінің командасы, Санкт-Петербург қ. (Ресей Федерациясы), София Математикалық гимназиясының командасы, София қ. (Болгария) және Мәскеу Мемлекеттік Университетінің Мамандандырылған ғылыми-практикалық орталығының командасы, Мәскеу қ. (Ресей Федерациясы) алды. Тағы 7 команда құрмет грамоталарын алды.

Марапатталған команданың әрбір қатысушысына бағалы естелік сыйлықтар берілді.

Барлығы жеке біріншіліктің қорытындылары бойынша олимпиада қатысушыларына 42 алтын медаль, 63 күміс медаль, 105 қола медаль берілді.

Жалпы саны 210 медаль, солардың 60 медалін Қазақстанның оқушылары жеңіп алды: 7 алтын, 16 күміс, 37 қола.

Қазақстанның атынан ұсынылған 22 команданың ішінде Алматы қ. РФММ бірінші командасы ең жоғарғы нәтиже көрсетіп, мектеп командаларының рейтингісінде құрмет грамотасын алды. Барлығы «РФММ» КеАҚ оқушылары Қазақстанның пайдасына 13 медаль әкелді: 2 алтын, 5 күміс, 6 қола.

«Нұрлан Каппаров» қоғамдық қорының атынан «РФММ» КеАҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Берік Қаниев және Басқарма Төрағасы Ғабит Бекахметов тиісті математика, информатика және физика пәндері бойынша барынша көп балл жинаған қатысушыларға Нұрлан Каппаров, Илья Сегалович және Әділет Имамбеков атындағы арнайы жүлделерді табыстады.

Олимпиаданың жеңімпаздарына және жүлдегерлеріне Қазақстан-Британ техникалық университетінің, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ), сондай-ақ Сүлеймен Демирель атындағы университеттің  білім беру гранттары берілді. Халықаралық Жәутіков олимпиадасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ бастамасымен, сондай-ақ ХАТУ және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Lancaster Group Kazakhstan, Fizmat Endowment Fund және «ABDI» компаниясы демеушілік көмек көрсетті.

Айдарлар

Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

20
May
25

«IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасы

2025 жылғы 17 мамыр күні «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен алғаш рет «IMPACT STUDENTS» республикалық олимпиадасы өтті. Білім беру саласындағы маңызды жаңа жобаны…

    16
    May
    25

    Ескірмейтін естеліктер кеші…

    Құрметті РФММ түлектері! Сағынышпен әрі ілтипатпен балалықтың бастауы болған алтын ұя мектебімізге — есер шақтың қызықтарын еске алу үшін кездесуге шақырамыз. 2025 жылғы…

      14
      May
      25

      «Science. Technology. Algorithmization. Programming» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының нәтижелері

      2025 жылы 25–26 сәуірде «Science. Technology. Algorithmization. Programming» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы онлайн форматта сәтті өтті! 375 оқушы тіркеліп, 12 секция бойынша…

        10
        May
        25

        Қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті

        2025 жылдың мамыр айында қалалық Жәутіков олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді. Олимпиаданың ақтық мәресіне жалпы саны 278 оқушы қатысты. Зияткерлік сайыстың нәтижесінде жоғары білім…

          08
          May
          25

          Ақпараттық хат ҚЖО 2025

          2025 жылдың 9-10 мамыр арасында Алматы және Астана қалаларында КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» оқушылар арасында математика (6-8 сынып), физика (7-8 сынып), информатика (6-8…

            06
            May
            25

            Оқушыларымыз республикалық тілдер олимпиадасынан олжалы оралды

            Көкшетау қаласында өткен ағылшын, неміс және француз тілдерінен Республикалық олимпиадада мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, барлығы медаль мен мақтау қағазына ие болып, жетістікпен оралды!…

              06
              May
              25

              Абай мұрасы — мәңгілік.

              Ұлы ойшылдың даналығына жүрекпен үңіліп, мұрасының терең мәнін зерделей білген шәкірттеріміз республикалық деңгейде мектебіміздің мерейін асқақтатты! VII Республикалық «Абайтану» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларымыз:…

                06
                May
                25

                Тәжікстанда топ жарған таланттар

                Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Western Asia Youth Chess Championship 2025 чемпионатында Швейцариялық жүйе бойынша өткен 7 турдың қорытындысы бойынша, рапид шахматынан Батыс Азия…

                  06
                  May
                  25

                  Мектеп президенті: 2025 жылғы сайлау

                  Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Мектеп президенті сайлауы сәтті өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өмірзақ Саният көпшілік басым дауыспен жеңімпаз деп танылды.✨ *…

                    06
                    May
                    25

                    Fizmat Chess Open – 2025 қорытындысы

                    Республикалық физика-математика мектебі мен серіктестері – Қазақстан шахмат федерациясы, Фридом Банк ұйымдастырған Fizmat Chess Open 2025 халықаралық шахмат турнирі биыл төртінші рет өткізілді….