Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
04
Feb
26

Young Researchers Tournament



2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі базасында Young Researchers Tournament (YRT) — Жас зерттеушілер турнирі өтеді.

YRT — оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін, эксперименттік ізденісін және академиялық пікірталас мәдениетін дамытуға бағытталған зияткерлік турнир. Байқау форматы ағылшын тілінде өткізіледі және STEM бағыттары аясында пәнаралық зерттеу есептерін талдау мен қорғауды қамтиды.

Турнирдің басты мақсаты — оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін қалыптастыру, ғылыми пікірталас жүргізу дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ халықаралық ғылыми коммуникация талаптарына бейімдеу.

2026 жылы турнирге 44 команда, 204 қатысушы, 18 мектептен тіркелді. Қатысушы білім беру ұйымдарының қатарында РФМШ, НЗМ, Физтех, «Бөбек», Шоқан, Haileybury және басқа да жетекші мектептер бар.

Командалардың баяндамалары мен ғылыми пікірталастары STEM-білім беру саласындағы 40-тан астам сарапшының қатысуымен бағаланады. Атап айтқанда, қазылар алқасының құрамына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің профессор-оқытушылары да тартылған.

Young Researchers Tournament — оқушылардың ерте жастан ғылыми-зерттеу мәдениетіне бейімделуіне, академиялық жауапкершілік пен кәсіби пікірталас дағдыларын меңгеруіне жағдай жасайтын маңызды білім беру алаңы.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    05
    Feb
    26

    7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!

    Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…

      04
      Feb
      26

      РФММ-нің оқушылары мен ұстаздары «Шал» фильмін тамашалады

      РФММ-нің жоғары сынып оқушылары, мұғалімдері және бірқатар ата-аналар Алматы қаласында өткен «Шал» қазақ көркем фильмінің арнайы көрсетіліміне қатысып, мазмұны терең, тағылымы мол кездесуге…

        03
        Feb
        26

        Республикалық физика-математика мектебіне Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді.

        Республикалық физика-математика мектебіне Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Shanghai Jiao Tong University университетінің өкілдері келді. Мектеп басшылығымен өткен кездесуде алдағы ынтымақтастықтың…

          02
          Feb
          26

          «Зерде» республикалық конкурсында Орынғали Батыржан II орын иеленді

          28–31 қаңтар күндері Щучинск қаласында «Зерде» XXI Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып…

            31
            Jan
            26

            Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция

            Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…

              30
              Jan
              26

              ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері

              Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026  …

                15
                Jan
                26

                XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026

                Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…

                  14
                  Jan
                  26

                  FIZMAT Education Fair – 2026

                  Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…

                    10
                    Jan
                    26

                    Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу

                    Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…

                      10
                      Jan
                      26

                      Алматыда Математика, физика және информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы IZhO2026 өтеді

                      2026 жылғы 10-15 қаңтар аралығында Алматыда оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 22-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 16 елінен 622…