Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
14
Jun
21

2021 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ ТУРАЛЫ АТТЕСТАТТАРДЫ ТАПСЫРУ



Мектеп бітіру – әр адамның өміріндегі ең қызықты сәттердің бірі болып табылады. Түлектердің алаңсыз балалық шағы артта қалып, олар үлкен өмірге, жоғары оқу орнына және қызықты студенттік шаққа аяқ басады. Аттестаттарды тапсыру – бұл көптеген жылдар бойы есте қалатын әсем мереке.

2021 жылдың 12 және 14 маусым күндері РФММ Алматы акт залында 2021 жылғы түлектерге жалпы орта білім туралы куәліктерін табыстауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Аттестаттар табыстау кезінде түлектер мектеп басшылығынан, сынып жетекшілерінен, интернат тәрбиешілерінен жылы лебіздер естіді. Құттықтауларға жауап ретінде түлектер мектеп әкімшілігіне, мұғалімдер мен ата-аналарға ризашылықтарын және алғыстарын білдірді.

Бұл күні түлектердің сыңғырлаған күлкісін естіп, ата-аналардың бақытты жүздері мен қуаныштан шыққан көз-жастарының куәгері болдық.

Құрметті түлектер, біз сіздерді осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Армандарыңыздың орындалуын тілейміз. Туған жеріміздің мәрте­бесiн арттыратын сіздерсіздер, жас түлектер! Қадамдарыңызға сәттi сапар, өмiрлерiңізге құтты қадам тiлейміз!

 

 

Айдарлар

Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

03
Feb
26

«Зерде» республикалық конкурсында Орынғали Батыржан II орын иеленді

28–31 қаңтар күндері Щучинск қаласында «Зерде» XXI Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып…

    31
    Jan
    26

    Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция

    Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…

      30
      Jan
      26

      ҚЖО 2026 іріктеу кезеңінің нәтижелері

      Құрметті ҚЖО қатысушылары! Нәтижелер: Математика 6 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 7 класс математика результаты ГЖО 2026 Математика 8 класс математика результаты ГЖО 2026  …

        15
        Jan
        26

        XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026

        Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122…

          14
          Jan
          26

          FIZMAT Education Fair – 2026

          Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…

            10
            Jan
            26

            Алматыда Жәутіков олимпиадасы қатысушыларын салтанатты қарсы алу

            Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына келген халықаралық командалар мен қатысушыларды Қазақстанның ұлттық өнері мен қонақжай дәстүріне…

              10
              Jan
              26

              Алматыда Математика, физика және информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы IZhO2026 өтеді

              2026 жылғы 10-15 қаңтар аралығында Алматыда оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 22-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 16 елінен 622…

                10
                Jan
                26

                FIZMAT Education Fair – 2026

                XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында өтетін «FIZMAT Education Fair – 2026» халықаралық білім беру көрмесіне барлық оқушыларды шақырамыз ✨ «FIZMAT Education Fair –…

                  09
                  Dec
                  25

                  Байқау тесті басталды!

                  Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…

                    08
                    Dec
                    25

                    VIII Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT Olympiad байқауы

                    ✨Құрметті достар!✨ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды, шығармашыл ұстаздар…