Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
15
Jun
22

Алматы РФММ түлектеріне аттестат тапсырылды



2022 жылдың 14 маусымы Алматы РФММ түлектері үшін ерекше күндердің бірі. Бұл күні мектеп акт залында 2022 жылғы мектеп бітіруші түлектерге жалпы орта білім туралы аттестаттарын табыстауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Биыл Алматы РФММ-нен үлкен өмірге 180 түлек аяқ басқалы тұр. Олардың қатарында 7 түлек «Алтын белгі» иегері, 53 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды. Түлектерді мектеп бітіруімен құттықтап, «Алтын белгі» төсбелгілерін, үздік аттестат және аттестаттарды РФММ КеАҚ Басқармасының төрағасы Калиев Р.С., РФММ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Оспанов Б.Н., Алматы РФММ директорының міндетін атқарушы Кәрім А.Т. және директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары табыстады.

Құрметті түлектер, Сіздерді мектепте алған білімдеріңізді арттырып, еліміздің дамуына зор үлес қосады деген сенімдемін. Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, жаңа жеңістер, сәттілік пен толағай табыстар тілеймін! Ақ жол!

Айдарлар

Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

29
Aug
26

Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік

Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…

    24
    Aug
    26

    РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…

      13
      Jul
      26

      ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

      Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті. Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу…

        24
        Jun
        26

        ХАБАРЛАНДЫРУ!

        Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….

          10
          Jun
          26

          8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті

          Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…

            10
            Jun
            26

            Қазақстан құрамасы әл-Хорезми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды

            Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен өткен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) мәресіне жетті. Әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар бақ сынаған бұл…

              08
              Jun
              26

              ХАБАРЛАНДЫРУ!

              Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…

                18
                May
                26

                7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат

                2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….

                  16
                  May
                  26

                  7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат

                  2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…

                    12
                    May
                    26

                    РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Балқан математика олимпиадасының қола жүлдегері атанды

                    Алматы қаласы РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Грекияның Салоники қаласында өткен 43-ші Халықаралық Балқан математика олимпиадасында (BMO-2026) қола жүлдегер атанды. BMO – аймақтағы ең…