Емтихан алдында бланк жаттығуы
Құрметті оқушылар мен ата-аналар!
Негізгі емтиханға қатыспас бұрын жауап парағын толтыру тәртібімен алдын ала танысып, жаттығу жүргізуді сұраймыз.
Жауап парағын дұрыс толтыру ережелері:
1) Әр жолға (барлығы 30) тапсырманың нөміріне сәйкес келетін жауап жазылады.
2) Жауаптар анық, баспа сандармен және бланктің жоғарғы бөлігінде көрсетілген үлгіге сай толтырылуы тиіс.
3) Тек қара сиялы қалам пайдаланыңыз. Қарындашпен жазуға болмайды.
4) Егер жауап бірнеше саннан тұрса (мысалы, 12), әр сан жеке ұяшыққа, реттік тәртіппен жазылады.
Берілген жауап парағын үйде басып шығарып, алдын ала жаттығу жүргізу – емтихан кезінде уақыт үнемдеуге және қателіктердің алдын алуға –мүмкіндік береді.
Назар аударыңыз:
- Жауап парағында артық белгі, сурет немесе жазба болмауы тиіс.
- Түзетулер мен шимайлауға жол бермеңіз.
- Қате толтырылған немесе үлгіге сай келмейтін жауаптар автоматты түрде оқылмауы мүмкін.
Еске саламыз: негізгі емтиханға дайындалу үшін біздің fmtest.kz сайтымызда сынақ тестілеуінен өте аласыз.
Сайттағы тестілеу сізге тапсырмалар форматына және күрделілік деңгейлеріне үйренуге көмектеседі.
Прикрепленные файлы
Жаттығуы-ТренировкаСізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) олимпиадасы өтті
30–31 қазан күндері Алматы қаласындағы РФММ базасында жасанды интеллект саласындағы ең ірі оқушылар командалық жарысы – Халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) олимпиадасының…
РФММ ОҚУШЫСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
4–15 қазан Албанияның Дуррес қаласында классикалық шахматтан 14, 16 және 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында өткен әлем чемпионатында РФММ оқушысы топ…
РФММ мұғалімі «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды
Астанада Білім басқармасының ұйымдастыруымен QAZAQSTAN орталық концерт залында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты мерекелік концерт өтті. Іс-шараға елорданың 3…
РФММ мұғалімі Мемлекет басшысының марапатына ие болды
«РФММ» КеАҚ-ның Алматы қ. филиалының ардагер ұстазы Жәмішева Сәуле Абрашевна ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісін алды. Сәуле…
Fizmat оқушысы әлемдік чарттарды бағындыруда
Fizmat оқушысы дүниежүзілік музыка аренасында сенсация жасады. Бар-жоғы 11-сыныпта оқып жүрген ол өзінің «SLAVA FUNK» атты трегі арқылы әлемдік хиттің авторы атанды. Бүгінде…
Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу
✅ Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударды. Президент атап өткендей, экономиканы жан-жақты жаңғырту ең алдымен адам капиталын…
РФМШ Алматы оқушыларына арналған олимпиадалық резервке іріктеу
Математика Өткізу күні: сенбі, 2025 жылғы 6 қыркүйек Сыныптар: 7–8 сыныптар Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/tenDE6YcQYabwDxY6 Өткізу уақыты: 09:00–13:00 Өткізу орны: Жаңа корпустың акт залы…
РФММ мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды
РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Темірлан Қайратұлы Сатылхановқа білім беру саласындағы жетістіктері мен…
Ұстаздардың тамыз конференциясы – 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысты. Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен өтті. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңға…
РФММ — чемпиондар мектебі: Алматы РФММ – әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды!
2025 жылғы 2-6 тамызда АҚШ-тың Александрия қаласында мектеп командалары арасында шахматтан Әлем чемпионаты өтті. Чемпионаттың басты ерекшелігі — әр команда бір мектептің оқушыларынан…