Қалалар сайысы – Алматы: күзгі турдың бастапқы нұсқасы
2018 жылдың 7 қазанында Алматы қаласында 40 Қалалар сайысының күзгі турының бастапқы нұсқасы өтеді.
Өтетін орны: Алматы қ. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Механика-математика факультеті (әл-Фараби даңғылы 71/23).
Олимпиада сағат 10:00 басталады: Тіркеу сағат 9:30 басталады.
Олимпиаданы орындау уақыты – 5 сағат.
Өзімен бірге жұқа тор көз дәптерді, жазба керек-жарақтарын, сусынды және тағамды алу қажет.
Білім беру мекемелерінен (мектептерден) өтінім бойынша нысанды келесі мекен-жайға жолдау керек: gabel2@mail.ru.
Сондай-ақ бірнеше шартпен өз бетімен тіркелу нысаны ашылды:
- Сіз мектептің атынан шығарылмағаныңызға көз жеткізуді сұраймыз.
- Егер Сіз мектептің атынан шығарылмасаңыз және өз бетімен тіркелсеңіз, үлкен өтініш – келіп қатысыңыз! Себебі біз барлық тіркелгендерге дәрісханада алдын ала орын бөлеміз.
Сайыс туралы: Қалалар сайысы – 1980 жылдан бастап жыл сайын өтетін оқушыларға арналған математика пәні бойынша халықаралық олимпиада. Тапсырмалар 8-11 сыныптардың оқушыларына есептелген. Қалалар сайысының ерекшелігі ол қатысушыларды спорттық табысқа емес, есеп бойынша тереңдетілген жұмыс жасауға бағдарлайды, яғни зерттеушілік қызметте қажетті қасиеттерді дамытады.
Өткен жылдың есептерін Қалалар сайысының ресми сайтында – www.turgor.ru және сондай-ақ келесі сілтеме бойынша www.problems.ru(http://problems.ru/view_by_source_new.php?parent=187098) табуға болады.
Жауаптары бар есептерді сондай-ақ келесі кітаптардан табуға болады: Турнир городов: мир математики в задачах, авторлары: Медников Л.Э., Шаповалов А.В.; Тысяча задач Международного математического Турнира городов, авторы: Толпыго А.К.
Жергілікті ұйымдастырушылардың байланыстары:
- Алматы қ.: Галина Владимировна Белянская gabel2@mail.ru.
Алматы қаласында өтетін орны: әл-Фараби даңғылы, 71 корпус 23 (Тимирязев көшесі жағынан кіру).
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…
РФММ мұғалімі мемлекеттік марапатқа ие болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және оларды дайындаған жаттықтырушы-педагогтермен кездесті. Кездесу барысында үздік ұстаздарға мемлекеттік марапаттар табысталды. Ақордада өткен кездесуге шақырылған…
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ IYPT 2026 ТУРНИРІНДЕ HONORABLE MENTION МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
Цюрих қаласында Жас физиктердің 39-шы халықаралық турнирі — International Young Physicists’ Tournament (IYPT 2026) өз мәресіне жетті. Биылғы турнир әлемнің жетекші жоғары оқу…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….
8-сыныпқа арналған конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана…
Қазақстан құрамасы әл-Хорезми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды
Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен өткен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) мәресіне жетті. Әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар бақ сынаған бұл…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…
7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….