РФММ жас және жаңа мұғалімдеріне арналған семинар
05.11.2020-09.11.2020 жж РФММ КеАҚ “РФММ дарынды балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері”, жас мұғалімдерге арналған “Өзін-өзі қолдау әдістері” тақырыбында психологиялық-практикалық семинар өтті. Бұл тренингтің мақсаты ұжыммен танысу және кәсіби қызметке бейімделу сонымен қатар дарынды балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері болды. Семинарды ұйымдастырушы – директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Әубәкірова Гүлнұр Ғабдуқызы. Осы тренингке 35 жас және жаңа мұғалімдер, тәлімгерлер қатысты, сондай-ақ тәжірибені жас ұрпаққа беру үшін РФММ тәжірибелі мұғалімдері шақырылды. РФММ тәжірибелі мұғалімдері ретінде С. А. Жәмішева, Б. Ж. Өтешева, С. С. Шинасилова, Ж. Н. Байсуйеуева, Р. И. Қошанова сөз сөйледі. Семинар барысында барлық қатысушылар белсенділік, креативтілік танытты және мұндай тренингтерді жылына кемінде бір рет өткізу керек деген тілектерін білдірді.
Семинардың бірінші күні “Педагогикалық іс-әрекеттің басындағы қиындықтар мен проблемалар” және “Стресске төзімділік” атты тақырыптар қаралды. Бастапқыда жаттығу-танысу ретінде “Броундық қозғалыс”, “Біз сенімен біргеміз…”, “Сұхбат” ойындары өткізілді. Тренингтің негізгі бөлігі педагогикалық жағдайларды шешуге бағытталған, топтарға бөлініп, көріністер мен презентациялар ойнатылды. Сондай-ақ, “Мен мұғалім мамандығын таңдаған себебім…” атты өзін-өзі таныстырылым ұйымдастырылды.
Семинардың екінші күні “Не? Қайда? Қашан?”, “Арал”, “Волейбол” және т.б.ойындар өткізілді. Мақсаты: “Біз – тату командамыз” ұранымен ұжымды біріктіру. Ұйымдастырушы: Лукашевич А. А.
Тренингтің үшінші күні “Педагогтердің эмоционалды күйіну мәселесі”, “Стресс-тест” шағын-дәрісі, ойлау қызметін жандандыру және Педагогтың кәсіби күйіну мәселесіне “қосу” мақсатында “Педагогтың суреті” жаттығуы өтті. Сондай-ақ, олардың психоэмоционалды жағдайын басқару, мазасыздықты, шиеленісті, қорқынышты жеңілдету үшін оқу жаттығулары өткізілді.
Семинар жұмысына мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдері қатысты: мектеп директоры-Кунгожин А. М., директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары – Аубакирова Г. Г., кафедра меңгерушілері – Жумагалиева К. К., Тансыкбаева Т. А..
Семинар соңында РФММ мұғалімдер қатарына қабылдау ретінде жас мұғалімдер “РФММ мұғалімнің ант беру” рәсімінен өтті. Семинар соңында барлық қатысушыларға “FizMat”журналдары табыс етілді.
РФММ әкімшілігі және педагогикалық ұжымы семинардың барлық қатысушыларына алғыс білдіреді!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Астанада АТМО және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары өтті
Астана қаласында халықаралық математикалық олимпиадалар — XXXVIII Азия–Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы (АТМО) және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы өтті. АТМО қорытындысы бойынша Республикалық…
«Математикалық регата — 2026»: РФММ командасы I орын иеленді
2026 жылы өткен «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша «РФММ» командасы үздік нәтиже көрсетіп, I орынды иеленді. Аталған беделді білім додасына «Республикалық физика-математика…
Алматы РФММ тренері бағдарламалаудан халықаралық чемпионаттың жүлдегері атанды
Алматы қаласындағы РФММ-нің информатика пәні бойынша жаттықтырушысы Қуанышбай Айбар спорттық бағдарламалау бойынша Central Asia Programming Championship 2026 халықаралық чемпионатында II орын иеленді. Жарыс…
Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетті
Леонард Эйлер атындағы XVIII олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы РФМШ оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, 1 күміс медаль, 3 қола медаль және 4 мақтау…
«Білім – инновация» лицейлерінде республикалық олимпиада өтті
2026 жылғы 21–25 наурыз аралығында Астана қаласы Білім басқармасының мамандандырылған «Білім – инновация» лицейлері базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндері бойынша Республикалық…
KzYPT 2026 — Қазақстанның Ұлттық іріктеуі
Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Сіздерді Жас физиктердің халықаралық турниріне (IYPT) 2026 Қазақстанның Ұлттық іріктеуіне қатысуға шақырамыз! Бұл — физика саласындағы білімдеріңізді көрсетіп, Швейцариядағы…
Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасы
Құрметті РФММ оқушылары! Қазақстан Республикасының Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасы (IOAA) құрамасының резервіне іріктеу жарияланады. Іріктеуге физика, математика және астрономия пәндері бойынша жоғары…
Қостанайда республикалық пәндік олимпиада мәресіне жетті
19–24 наурыз аралығында Қостанай қаласында 9–11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Бұл – еліміздің барлық өңірінен 310 дарынды оқушыны біріктірген…
Жас математика мұғалімдерінің шығармашылық конкурсы қорытындыланды
2026 жылғы 23 наурызда Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы, Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығы (QMMQ) және Beta High School бірлесіп ұйымдастырған 30…
Астанада 9–11 сынып оқушыларының республикалық зияткерлік додасы өтті
2–6 наурыз аралығында Астана қаласында 9–11 сынып оқушылары арасында экономика және қаржы пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары…





