Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
17
Oct
25

РФММ ОҚУШЫСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ



4–15 қазан Албанияның Дуррес қаласында классикалық шахматтан 14, 16 және 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында өткен әлем чемпионатында РФММ оқушысы топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінді. 84 елден 721 шахматшы қатысқан турнирде Эдгар Мамедов «16 жасқа дейінгі ұлдар» санатында Әлем Чемпионы атанды.
11 турдың қорытындысы бойынша Эдгар 8 ұпай жинады: 5 жеңіске жетіп, 6 партияны тең аяқтады. Яғни, бірде-бір қарсыласына есе жібермеді.

Айта кетейік, Эдгар Мамедов – Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер. Ол 14 жасында барлық қажетті нормативтерді орындап, 2025 жылғы Қазақстанның Абсолютті чемпионы, Азия чемпионы және әлем вице-чемпионы атанды.
Эдгарды және оның жаттықтырушылары мен бүкіл шахмат командасын тамаша нәтижемен құттықтаймыз!

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    12
    Nov
    25

    РФММ мұғалімдері АҚШ-та өткен халықаралық конференцияға қатысты

    2024–2029 жылдарға арналған РФММ-нің даму Стратегиясында белгіленген екінші бағыт – мұғалімдердің жағдайын жақсарту болып табылады. Оның ішінде әсіресе ұстаздардың кәсіби өсуіне жағдай жасау…

      11
      Nov
      25

      KhIMIO 2025 олимпиадасында РФММ оқушысы күміс медаль жеңіп алды

      5–9 қараша аралығында Тәжікстан астанасы – Душанбеде өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында РФММ-нің Алматы мектебіндегі 8 сынып оқушысы Оразбек Темір математика…

        07
        Nov
        25

        Хабарландыру

        2025 жылғы 10–12 қараша аралығында «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Алматы қаласындағы филиалында халықаралық бағдарламалық аккредиттеу рәсімі өтеді. Бағалау жұмыстарын Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз…

          06
          Nov
          25

          Әлемдік білімге бастар жол

          Advanced Placement (AP) — әлемнің үздік университеттеріне жетелейтін жол Advanced Placement (AP) бағдарламасы – 10–11-сынып оқушыларына пәндерді тереңдетіп оқуға және әлемнің жетекші жоғары…

            05
            Nov
            25

            РФММ оқушылары Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасының жүлдегері атанды

            2025 жылы 27 қазан–1 қараша аралығында Жезқазған қаласында 9–11(12) сынып оқушыларына арналған Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасы өтті. Алматы қаласындағы РФММ оқушылары олимпиадаға…

              03
              Nov
              25

              Халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) олимпиадасы өтті

              30–31 қазан күндері Алматы қаласындағы РФММ базасында жасанды интеллект саласындағы ең ірі оқушылар командалық жарысы – Халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) олимпиадасының…

                03
                Oct
                25

                РФММ мұғалімі «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды

                Астанада Білім басқармасының ұйымдастыруымен QAZAQSTAN орталық концерт залында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты мерекелік концерт өтті. Іс-шараға елорданың 3…

                  03
                  Oct
                  25

                  РФММ мұғалімі Мемлекет басшысының марапатына ие болды

                  «РФММ» КеАҚ-ның Алматы қ. филиалының ардагер ұстазы Жәмішева Сәуле Абрашевна ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісін алды. Сәуле…

                    15
                    Sep
                    25

                    Fizmat оқушысы әлемдік чарттарды бағындыруда

                    Fizmat оқушысы дүниежүзілік музыка аренасында сенсация жасады. Бар-жоғы 11-сыныпта оқып жүрген ол өзінің «SLAVA FUNK» атты трегі арқылы әлемдік хиттің авторы атанды. Бүгінде…

                      08
                      Sep
                      25

                      Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу

                      ✅ Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударды. Президент атап өткендей, экономиканы жан-жақты жаңғырту ең алдымен адам капиталын…