Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың нәтижелері
15 наурыздан бастап 20 наурызды қоса алғанда Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Бүкіл Қазақстаннан ең үздік 832 оқушы өздерінің білімдері мен қабілеттерін көрсетуге келді. Осы жылы Республикалық олимпиаданы өткізу мәртебесі Ақтөбе қаласына берілді, мұнда ол алғашқы рет өткен болатын. Жыл сайын олимпиада өркендей береді, бәсекелестік өседі, ал есептер одан әрі күрделі де қызықты болады.

Біздің мектеп Республикалық олимпиадаға оның негізі қаланған сәттен бастап қатысады. Осы уақыт ішінде көптеген біздің олимпиадашылар мектептің намысын қорғап, көптеген медалдарды жеңіп алды. Осы жылы Алматы РФММ оқушылары 8 алтын, 10 күміс және11 қола медаль алды. Тек жалғыз мектеп осыншама көп медалді жеңіп алды.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, олимпиадаға біздің елдің болашақ бетке ұстар азаматтары қатысады. Бұл адамдардың асқақ мақсаттары бар, олар өздеріне жоғары талап қояды, оларды қызықтырған кез кезген іске жауапты қарайды, өз мақсаттарына мұқият көңіл бөледі, оларға жетудің дұрыс бағытын біледі, физикалық және психологиялық үлкен шыдамдылықты иеленеді. Кемшіліктер орын алған жағдайда да, олар еңсесін түсірмейді, өзінің сүйікті ісімен шұғылдануды жалғастырады және күрделі ұзақ дайындықтан кейін, біршама күш-жігерін жұмсап, орасан зор нәтижелерге жетеді.

Олимпиадашылардың өздері үшін бұл өз күштерінің ең қызықты сынағы болып табылады, ол сондай-ақ олардың өмірлерінің маңызды сатыларының бірі болып келеді. Турлардан және апелляциялардан кейінгі еліктіргіш сезім, барлық әсерлі сәттер нағыз жеңімпаздардың рухын шыңдайды!!!
| № | Аты-жөні | Сынып | Пән | Медаль |
| 1 | Батырхан Сакенов | 9 Д | Математика | Алтын |
| 2 | Айдар Амрин | 10 Б | Математика | Алтын |
| 3 | Алексей Янченко | 10 Д | Физика | Алтын |
| 4 | Салим Кутлуш | 11 Е | Физика | Алтын |
| 5 | Андрей Свинолупов | 9 Д | Информатика | Алтын |
| 6 | Парасат Кызырканов | 10 Б | Информатика | Алтын |
| 7 | Батыр Сардарбеков | 11 Б | Информатика | Алтын |
| 8 | Данияр Закарин | 11 В | Информатика | Алтын |
| 9 | Ярослав Топоров | 8(9) Д | Математика | Күміс |
| 10 | Владимир Смирнов | 10 Е | Математика | Күміс |
| 11 | Оразхан Хайдар | 9 В | Физика | Күміс |
| 12 | Артем Шин | 9 Д | Физика | Күміс |
| 13 | Ислам Амангелді | 10 Б | Физика | Күміс |
| 14 | Давид Ли | 11 Е | Физика | Күміс |
| 15 | Тимур Ратников | 9 Д | Информатика | Күміс |
| 16 | Мансур Мукимбеков | 9 И | Информатика | Күміс |
| 17 | Нархан Қамзабек | 10 Г | Информатика | Күміс |
| 18 | Алихан Қуаныш | 10 Б | География | Күміс |
| 19 | Мансур Нурмухаметов | 10 Е | Математика | Қола |
| 20 | Асель Катаева | 11 Д | Математика | Қола |
| 21 | Куат Утебаев | 11 Д | Математика | Қола |
| 22 | Махмуд Әсентай | 10 В | Физика | Қола |
| 23 | Алексей Коньяков | 10 Д | Физика | Қола |
| 24 | Ерасыл Телман | 11 В | Физика | Қола |
| 25 | Қанат Қабыл | 10 Г | Химия | Қола |
| 26 | Екатерина Коробейникова | 10 Е | Информатика | Қола |
| 27 | Азамат Панов | 10 Ж | Информатика | Қола |
| 28 | Дінмұхаммед Шорманхан | 11 В | Информатика | Қола |
| 29 | Иманғали Темірхан | 11 В | Информатика | Қола |
| 30 | Дана Жусупова | 9 Д | Химия | ҚГ |
| 31 | Баймырза Калмырзаев | 10 Б | Химия | ҚГ |
| 32 | Берік Серікбай | 10 (11) Г | Химия | ҚГ |



Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды
Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады….
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….
FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…
Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда
Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….
РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады
Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…