Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
03
Dec
18

NEERC — Northern Eurasia Finals бағдарламалау бойынша чемпионат финалының нәтижелері



1-2 желтоқсанда Солтүстік Еуразия (ICPC 2018-2019, NEERC — Northern Eurasia Finals) аймағының бағдарламалау бойынша чемпионатының финалы өтті, оған ТМД барлық университеттерінен 318 команда қатысты. ХАТУ университетінің командасы І дәрежелі дипломды жеңіп алды! ІІ орынды ҚБТУ, ІІІ орынды Назарбаев Университеті, Орта Азия Американдық Университеті, Ташкент ақпараттық технологиялар университеті алды.

IITU командасының құрамына келесі студенттер кірді: Темірлан Сатылханов, Абай Баймұқанов, Айбар Қуанышбай. Алғаш рет қатысушылар 13 есептен 8 есепті шешіп, Солтүстік Еуразия аймағының алтын медалін жеңіп алды, Орта Азияның чемпиондары, Қазақстан чемпиондары атанып, сәуірде Португалияда өтетін әлемдік финалға өтті.

Біз Темірлан РФММ оқушыларын жаттықтыратынын, ал Абай мен Айбар 2018 жылдың РФММ түлектері болып табылатынын мақтан тұтамыз және олардың жетістіктеріне қуаныштымыз.

ХАТУ оқушыларды тек спорттық бағдарламалауға бірігіп дайындаудағы серіктес қана емес, ол сондай-ақ білім берудің басқа да қырларында жақсы дос ретінде көмек көрсетеді. 2009 жылы университеттің негізі қаланды, алайда осыншама қысқа уақыт ішінде ол білім нарығында жоғары бағаны иеленді.

Ақпарат үшін осы жылы Қазақстанның атынан екі команда барады, бұл өз ретінде ерекше жағдай болып табылады. Екінші орын алған ҚБТУ командасының мүшелері Нұрлан Жусупов пен Алан Аманов сондай-ақ РФММ түлектері болып табылады.

Біздің түлектер Қазақстанға тағы да жеңіс әкеледі деген сенімдеміз. Болашақ бастамаларында табыс тілейміз!

https://neerc.ifmo.ru/archive/2018/standings.html?fbclid=IwAR1GYuqrzcF1K2SkBb0z_K1rpGqVR_iv9isSNk76_qLn1ISX7Tjq4MLL7eM

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    30
    Oct
    26

    Хабарландыру

    Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….

      30
      Oct
      26

      FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

      Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…

        27
        Oct
        26

        Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда

        Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….

          27
          Oct
          26

          РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады

          Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…

            15
            Oct
            26

            Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды

            Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…

              14
              Oct
              26

              Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді. ​

              2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…

                18
                Sep
                26

                FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD

                FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….

                  29
                  Aug
                  26

                  Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік

                  Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…

                    24
                    Aug
                    26

                    РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты

                    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…

                      24
                      Aug
                      26

                      РФММ мұғалімі мемлекеттік марапатқа ие болды

                      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және оларды дайындаған жаттықтырушы-педагогтермен кездесті. Кездесу барысында үздік ұстаздарға мемлекеттік марапаттар табысталды. Ақордада өткен кездесуге шақырылған…