«Болашаққа қадам» оқушылар олимпиадасының академиялық сайысының қорытынды кезеңіне қатысушыларды тіркеу, 9-11 сыныптар
«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ Н.Э. Бауман атындағы ММТУ-мен бірге келесі кесте бойынша 2018 жылы 9-11 сыныптардың оқушыларына арналған «Болашаққа қадам» оқушылар олимпиадасының академиялық сайысының қорытынды кезеңдерін өткізеді:
Қатысушыға ескертпе.
| «Информатика» жалпы білім беретін пәні бойынша «Болашаққа қадам» оқушылар олимпиадасы | 16 наурыз 13.30 |
| «Физика» жалпы білім беретін пәні бойынша «Болашаққа қадам» оқушылар олимпиадасы | 17 наурыз 13.30 |
| «Математика» жалпы білім беретін пәні бойынша «Болашаққа қадам» оқушылар олимпиадасы | 18 наурыз 9.00 |
Олимпиаданың іріктеу кезеңіне табысты өткен және олимпиаданың қорытынды кезеңіне ұсынылған, сондай-ақ 2017 жылдың «математика», «физика», «информатика» жалпы білім беретін пәндері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер (10 сыныпта оқу кезінде) негізгі жалпы және орта жалпы білім берудің оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың келесі санаттары «математика», «физика» және «информатика» жалпы білім беретін пәндері бойынша олимпиадалардың қорытынды кезеңдеріне қатысуға жіберіледі.
«Математика», «физика» және «информатика» жалпы білім беретін пәндері бойынша олимпиадалардың қорытынды кезеңдеріне қатысушылар алдын ала тіркелуі тиіс. Тіркеу 12 наурыздан бастап 15 наурызды қоса алғанда «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-да 212 кабинетте сағат 10.00 бастап сағат 17.00 дейін жүргізіледі. Тіркеу үшін өзімен бірге төлқұжатты (жеке куәлікті), көшірмені, 3×4 см фотосуреті жапсырылған толтырылған тіркеу карточкасын, дербес деректерді өңдеу келісімін, оқу мекемесінен (мектептен) анықтаманы иелену қажет. Фотосуреттері бар толтырылған тіркеу карточкаларын оларға қоса салып, оқу мекемелерінен тізімдер бойынша ұжымдық тіркеу жүргізілуі мүмкін.
«Математика», «физика» және «информатика» жалпы білім беретін пәндері бойынша олимпиадалардың қорытынды кезеңдерінің қатысушыларын тіркеу 2018 жылдың 15 наурызына дейін жүргізіледі.
Қазақстанның алыс облыстарынан келген қатысушылар үшін олимпиада өткізілетін күні ол басталғанға дейін 1 сағат бұрын, сондай-ақ тіркелуге болады (3×4 см фотосуреті бар толтырылған тіркеу карточкасы, төлқұжат (жеке куәлік), дербес деректерді өңдеуге келісім, оқу мекемесінен (мектептен) анықтамасы бар болған жағдайда).
«Болашаққа қадам» оқушылар олимпиадасының қорытынды кезеңдеріне қатысуға рұқсат тек төлқұжат (жеке куәлік) ұсынылған кезде ғана жүзеге асырылады. Қорытынды кезеңдердің қатысушылары өзінің тіркеу нөмірін («ШМ» және 4 санды) білуі тиіс.
«Болашаққа қадам» оқушылар олимпиадасының қорытынды кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2018 жылдың 10 сәуіріне дейін http://cendop.bmstu.ru/ сайтында жарияланатын болады (дербес нәтижелер жеке кабинеттерде орналастырылады).
2018 жылы Н.Э. Бауман атындағы ММТУ түскен кезде ерекше құқықтарды ұсыну мәселелері бойынша жеңімпаздарды және жүлдегерлерді анықтау жөнінде қорытынды жиналыс 2018 жылдың 13 мамырында сағат 10.00 ДК Үлкен залында (Оқу-зертханалық корпусы, Рубцовская жағалауы, үй 2/18, Мәскеу қ.) өтеді.
2018 жылы Н.Э. Бауман атындағы ММТУ түсу кезінде ерекше құқықтарды ұсынуды кейіннен жүзеге асыру үшін «Болашаққа қадам» оқушылар олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері олимпиаданың бейініне сәйкес келетін пән бойынша 75 ұпайдан кем емес ЕГЭ нәтижелерін Қабылдау комиссиясына ұсынуы қажет.
Қоса салынған файлдар
Прикрепленные файлы
Памятка для участника Согласие на обработку данных Регистрационная карта участникаСізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды
Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады….
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….
FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…
Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда
Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….
РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады
Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…