VI Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT олимпиадасы өтті
2024 жылы 8-13 қаңтар аралығында Алматы қаласы РФММ филиалында математика, физика және информатика бойынша олимпиадалық резерв мұғалімдері мен жаттықтырушыларының арасында VI Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT олимпиадасы өтті.
Бұл бірегей іс-шараға Қазақстан, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Болгарияны қоса алғанда, әлемнің 10 елінен 400-ден астам қатысушы қатысты. Қатысушылар арасында РФММ, НИШ, БИЛ, Quantum STEM school, Тамос, Физтех сынды еліміздің үздік мектептерінен, сондай-ақ Комаров атындағы № 199 физика-математика Мемлекеттік мектебі (Грузия), Stunt school (Моңғолия), Жүсіп Баласағын атындағы Токмак лицейі (Қырғызстан), Guliston academy (Өзбекстан) сияқты басқа елдердің мамандандырылған мектептерінен тәжірибелі мұғалімдер мен жаттықтырушылар қатысты.
Бас жүлде мен І орынды Қазақстаннан Edlight Academy мектебі жеңіп алды.
ІІ орынды Грузияның Комаров атындағы № 199 физика-математика Мемлекеттік мектебі мен Алматы қ. НИМ ФМБ мектеп;
ІІІ орынды Алматы қ. РФММ мен Монголияның Shineue және 11-мектептері иеленді.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының ресми жабылу салтанатында I дәрежелі дипломдармен келесі мұғалімдерді марапаттады: Мұсатай Санат, Ибатулин Ибрагим, Сұлтан Рамазан, Сади Айбын және Нишнианидзе Давид.
IMPACT олимпиадасы әлемнің әртүрлі елдерінің мұғалімдері мен жаттықтырушылары арасында тәжірибе мен идеялар алмасу орнына айналды. Бұл олимпиада шығармашылық ойлауды қалыптастыруға, күрделі есептерді шешу қабілетін дамытуға және оқушылардың білімін дамытуға көмектеседі. Мұндай мұғалімдер ғылым мен технология саласындағы болашақ көшбасшыларды қалыптастыруда және болашақ олимпиадашыларды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
РФММ-нің 6 мұғалімі байқауда жүлделі орындарға ие болды:
Мұғалімдер лигасы(математика)
1. Асимов Анвар -1 орын
2. Айтжанов Ербос – 3 орын
Мұғалімдер лигасы (физика)
1. Бақтияр Елдос-1 орын
2. Киссыков Елдос – 2 орын
Мұғалімдер лигасы(информатика)
1. Отеу Қуаныш – 2 орын
Жаттықтырушылар лигасы (физика)
1. Мұсатай Санат – 1 орын
2. Шәкіров Аман – 3 орын
IMPACT қатысушылардың жеке қабілеттерін дамытуға ықпал етіп қана қоймай, қолайлы білім беру ортасын құру және әлемдік білім берудің болашағына үлес қосу арқылы халықаралық байланыстарды нығайтады.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды
Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады….
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….
FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…
Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда
Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….
РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады
Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…





