Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Алматы қ. филиалы
18
Nov
24

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ



«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Алматы және Астана қалаларында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

РФММ-гі «Ашық есік күніне» екі қала бойынша 1000-ға жуық оқушы мен ата-ана қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – 5-6 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын мектеп өмірімен және 7  сыныпқа түсуге арналған емтиханның жаңа форматымен таныстыру болды.

РФММ-нің Астана қаласындағы филиалының директоры Кенжалин Думан Жүзбайұлы және Алматы қаласындағы филиалдың директоры Мейірбек Мейірлан Едігерұлы РФММ-дегі білім беру жүйесі мен мектеп жетістіктеріне тоқталды. Кейін халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары өз жеңістері жайлы ерекше ықыласпен баяндады. Сонымен қатар, 5-6 сыныптың оқушылары мен ата-аналары мектеп өмірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. «Ашық есік күнінің» тағы бір артықшылығы сол РФММ оқуды армандайтын ұл-қыздар өздерін бір күн «Физмат» мектебінің оқушысы ретінде сезініп көрді. Оқушылар үшін арнайы шеберлік сағаттары да ұйымдастырылды. Оның барысында олар 7-сыныпқа түсуге арналған қабылдау емтиханының жаңа форматы бойынша тапсырмаларды қалай орындау керектігін РФММ мұғалімдерінің өздерінен  сұрап-білді.

Айта кету керек, «Ашық есік күнін» өткізудегі ең басты мақсат та сол, 2025-2026 оқу жылындағы іріктеу емтиханының жаңа форматымен таныстыру еді.

СНХ: Светлана Меңдіғалиева, «РФММ» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары

Жауап нұсқалары жоқ ашық тест болады, оқушы бүтін сан болып табылатын жауапты енгізуі керек. Әр түрлі күрделіліктегі тапсырмалар арнайы белгіленген ұпайлар бойынша бағаланады. Математика және логика бойынша 30 сұрақтан тұратын тесті орындау үшін оқушыға 120 минут беріледі.

2024 жылдың 9 желтоқсанында  мектептің https://admissions.fizmat.kz ресми сайтында сынақ тестіге тіркелу басталады. Ол жерде оқушылардың жаңа форматқа негізделген тест сұрақтарына жауап беріп дайындалуына мүмкіндік бар. Сұрақтар 2 апта сайын жаңартылып отырады.

2025 жылғы 15 қаңтар күні Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де мектептің ресми сайтында емтиханға онлайн тіркелу ашылады және ол 2025 жылғы 3 сәуір сағат 18:00 дейін жалғасады. РФММ емтихандары Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Орал және тағы бірнеше қалада ұйымдастырылады. 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранты бойынша 7 сыныпқа оқуға түсу емтиханы 2025 жылғы 27 сәуірде өтеді.

Ата-аналармен қатар ұстаздар да жаңа форматты қолдап отыр. Бұл отандық білім беру сапасын дамытуға үлес қосады. Мықты математиктер  мен физика, химия, информатика салаларындағы ғалымдарды дайындауда аталған жаңалық өз нәтижесін береріне сенім мол.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    14
    Nov
    25

    VIII Халықаралық FEMO International олимпиадасына қатысуға шақырамыз!

    Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды VIII Халықаралық FEMO International олимпиадасына шақырады!(Fizmat Elementary Math Olympiad) ✏️ ✨ FEMO International – ең жылдам дамып келе жатқан…

      13
      Nov
      25

      ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына тіркелу басталды!

      2026 жылғы 10–15 қаңтар аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZhO–2026) өтеді. Бұл беделді білім сайысы…

        12
        Nov
        25

        РФММ мұғалімдері АҚШ-та өткен халықаралық конференцияға қатысты

        2024–2029 жылдарға арналған РФММ-нің даму Стратегиясында белгіленген екінші бағыт – мұғалімдердің жағдайын жақсарту болып табылады. Оның ішінде әсіресе ұстаздардың кәсіби өсуіне жағдай жасау…

          11
          Nov
          25

          KhIMIO 2025 олимпиадасында РФММ оқушысы күміс медаль жеңіп алды

          5–9 қараша аралығында Тәжікстан астанасы – Душанбеде өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында РФММ-нің Алматы мектебіндегі 8 сынып оқушысы Оразбек Темір математика…

            07
            Nov
            25

            Хабарландыру

            2025 жылғы 10–12 қараша аралығында «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Алматы қаласындағы филиалында халықаралық бағдарламалық аккредиттеу рәсімі өтеді. Бағалау жұмыстарын Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз…

              06
              Nov
              25

              Әлемдік білімге бастар жол

              Advanced Placement (AP) — әлемнің үздік университеттеріне жетелейтін жол Advanced Placement (AP) бағдарламасы – 10–11-сынып оқушыларына пәндерді тереңдетіп оқуға және әлемнің жетекші жоғары…

                05
                Nov
                25

                РФММ оқушылары Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасының жүлдегері атанды

                2025 жылы 27 қазан–1 қараша аралығында Жезқазған қаласында 9–11(12) сынып оқушыларына арналған Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасы өтті. Алматы қаласындағы РФММ оқушылары олимпиадаға…

                  03
                  Nov
                  25

                  Халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) олимпиадасы өтті

                  30–31 қазан күндері Алматы қаласындағы РФММ базасында жасанды интеллект саласындағы ең ірі оқушылар командалық жарысы – Халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) олимпиадасының…

                    17
                    Oct
                    25

                    РФММ ОҚУШЫСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

                    4–15 қазан Албанияның Дуррес қаласында классикалық шахматтан 14, 16 және 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында өткен әлем чемпионатында РФММ оқушысы топ…

                      03
                      Oct
                      25

                      РФММ мұғалімі «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды

                      Астанада Білім басқармасының ұйымдастыруымен QAZAQSTAN орталық концерт залында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты мерекелік концерт өтті. Іс-шараға елорданың 3…