Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясына онлайн тестілеу
2019 жылдың 31 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясына түсуді жоспарлайтын білім беру ұйымдарының жасөспірім-түлектеріне арналған онлайн тестілеу өткізіледі. Онлайн тестілеу талапкерлердің жалпы білім деңгейін тексеру мақсатында өткізіледі.
Тестілеу үш блок бойынша жүргізіледі. Қатысушы тестілеуден өту үшін жеке өзінің БЛОГЫН таңдайды. Әрбір блок 9 пәннен құралады, әрбір пәнге 5 сұрақ беріледі. Тестілеуге қатысушы жинай алатын ұпайлардың ең көп саны – 45 ұпай.
Бірінші блок – А блогы
| № п/п | Пән атауы |
| 1 | Қазақ тілі |
| 2 | Орыс тілі |
| 3 | Ағылшын тілі |
| 4 | Қазақстан тарихы |
| 5 | Құқық негіздері |
| 6 | Логика |
| 7 | Математика |
| 8 | Физика |
| 9 | Информатика |
Екінші блок – В блогы
| № п/п | Пән атауы |
| 1 | Қазақ тілі |
| 2 | Орыс тілі |
| 3 | Ағылшын тілі |
| 4 | Қазақстан тарихы |
| 5 | Құқық негіздері |
| 6 | Логика |
| 7 | Химия |
| 8 | Биология |
| 9 | География |
Үшінші блок – С блогы
| № п/п | Пән атауы |
| 1 | Қазақ тілі |
| 2 | Орыс тілі |
| 3 | Ағылшын тілі |
| 4 | Қазақстан тарихы |
| 5 | Дүние жүзі тарихы |
| 6 | Құқық негіздері |
| 7 | Логика |
| 8 | Математика |
| 9 | Информатика |
Қатысушылардың назарына: Тестілеу іріктеудің алдын ала кезеңі болып табылады және алынған нәтижелер қатысушыға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясына автоматты түрде қабылдануына кепілдік бермейді.
Тестілеуге қатысу үшін 2019 жылдың 29 қаңтарына дейін www.olymp.daryn.kz сайтында тіркелу қажет. Тестілеу 2019 жылдың 31 қаңтарында сағат 10:00 бастап сағат 11:30 мин дейін өтеді. Тестілеуге 90 минут беріледі.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды
Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады….
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінде қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда….
FAIO 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастыруымен SDU University базасында өткен FAIO 2026 (Fizmat AI Olympiad) халықаралық жасанды интеллект және машиналық оқыту олимпиадасы өз мәресіне…
Қазақстанда 15 елдің оқушылары жасанды интеллект бойынша FAIO 2026 олимпиадасында бақ сынауда
Алматы, 2026 жылғы 26 қазан. Қаскелең қаласындағы SDU University базасында жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша FAIO 2026 мектеп олимпиадасының финалдық кезеңі басталды….
РФММ оқушысы SAT емтиханынан ең жоғары 1600 балл жинады
Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Ырысдәулет Баймұханбетов халықаралық SAT емтиханынан мүмкін болған 1600 балдың барлығын жинады. Бұл – үздік нәтиже, өйткені емтиханға қатысушылардың…
Үміткерлер назарына: Қабылдау емтиханы келесі аптаға ауыстырылды
Құрметті үміткерлер! 2026 жылғы 17 қазанға жоспарланған қабылдау емтиханының ұйымдастырушылық себептерге байланысты келесі аптаға ауыстырылғанын хабарлаймыз. Емтиханның нақты өткізілетін күні мен уақыты туралы…
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалы уақытша қашықтықтан оқуға жіберілді.
2026 жылғы 12–13 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының оқушылары арасында жедел ішек инфекциясының белгілері тіркелді. 2026…
FAIO FIZMAT AI OLYMPIAD
FAIO 2026: халықаралық олимпиадаға тіркелу ашылды Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды First Almaty AI Olympiad (FAIO) 2026 халықаралық командалық олимпиадасына қатысуға шақырады….
Жаңа кеңістік, жаңа мүмкіндік
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі филиалының 1972 жылы салынған тарихи ғимараты толық қайта жаңғыртудан өтті. Бұл — мектептің 54 жылдық тарихындағы ғимаратты ауқымды…
РФММ оқушысы Батырхан Бейганов Ақордадағы кездесуге қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық оқушылар мен студенттерді қабылдады. Кездесуге Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Батырхан Бейганов та…